1659

Елордада әлеуметтік және оңалту көмегін көрсететін орталықтары қалай жұмыс істейді

Елордада 20 жылдан бері өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы жұмыс істеп келеді. Бүгінде орталықта 85 адам көмек алады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елордада 2001 жылдың 16 қаңтарында қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы ашылды. Азаматтар мұнда бір айдан бір жылға дейін бола алады, тиісінше көмек те көрсетіледі.

«Нұр-Сұлтан қаласында 2001 жылғы 16 қаңтарда өмірлік қиын жағдайға тап болған адамдарды қайта әлеуметтендіру орталығы ашылды. Күндізгі бөлім 180 төсек-орынға, түнгі бөлім 50 төсек-орынға есептелген. Орталықта әлеуметтік-тұрмыстық, заңгерлік, психологиялық, экономикалық, мәдени қызметтері көрсетіледі. Сондай-ақ, жеке куәліктерді ресімдеуге және қалпына келтіруге, қарттар мен мүгедектер үйлеріне рәсімдеуге, мүгедектікті рәсімдеуге және қызмет алушыларды тұрақты жеріне дейін алып жүруге жәрдем көрсетеміз. Қазіргі уақытта орталықта 85 адам бар. Стандарт бойынша бізде қызмет алушылар бір айдан бір жылға дейін болады. Өзге қала тұрғындары орталықта бір ай, тіркелу арқылы 5 ай болуы мүмкін. Ал Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болса, бір жылға дейін бола алады», - деді орталықтың психологы Сәуле Әбдасықова.

Надежда Шестакова өмірлік жағдайларға байланысты далада қалды. Орталық жайлы естігеннен кейін көмек сұрап жүгінді.

«Жаз бойы далада жүрдім. Алғаш күн суытқан кездері қайта әлеуметтендіру орталығы туралы естіп білдім. Көшеде қатып қалмайын деп орталыққа жүгіндім. Мені өте жылы қабылдады, таза төсек беріп, жуындырды, киіндіріп, тамағымды берді. Көрсетілген көмектің арқасында жұмысқа орналастым», - деді орталықтан көмек алып отырған Надежда Шестакова.

Айта кету керек, елордада 6 оңалту және әлеуметтік орталық жұмыс істейді, олар өмірлік қиын жағдайға тап болғандарға, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетеді.

Мәселен, Көктал елді мекенінде «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы бар. Ол мүгедек адамдардың, зейнет жасына толған, өз бетінше жүріп-тұра алмайтын және денсаулығына байланысты көмекке мұқтаж адамдардың стационар жағдайында тәулік бойы тұрақты немесе уақытша тұруына арналған. Орталық мамандары сондай-ақ мүгедек балаларға үйде күтім көрсету жағдайында және өзіне-өзі қызмет көрсету қабілетін ішінара жоғалтқан және бөгде адамның қолдауына мұқтаж қарт азаматтарға көмек көрсетеді.

«Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында психоневрологиялық патологиясы бар 3 жастан 18 жасқа дейінгі ерекше балалар тұрады, оларға денсаулығына байланысты тәулік бойы күтім мен медициналық қызмет қажет.

Сондай-ақ, елордада зорлық-зомбылыққа ұшыраған, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелдерге әлеуметтік қызмет көрсететін «Үміт» дағдарыс орталығы жұмыс істейді.

«Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы психоневрологиялық аурулардан зардап шегетін, күтімге, тұрмыстық және медициналық қызмет көрсетуге мұқтаж 18 жастан асқан адамдардың тәулік бойы және тұрақты тұруына арналған.

Сонымен қатар, қалада қарттарға, мүгедектігі бар адамдарға және ерекше балаларға арналған оңалту орталығы да әлеуметтік қызмет көрсетеді. Мұнда қарттарды, ересектер мен мүмкіндігі шектеулі балаларды санаториялық-курорттық емдеу және оңалту қызметтері көрсетіледі.

Сонымен қатар, азаматтарға «Жанұя» отбасы институтының орталығында және елорданың халықты жұмыспен қамту орталығында жан-жақты көмек көрсетіледі. Мұнда кез-келген адам заңгерлік, психологиялық кеңес ала алады, бизнес саласын меңгеруді үйренеді, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер алады, жұмысқа орналасады және т.б.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109