1534

Нұр-Сұлтанда «Зайырлы мемлекет және конфессияаралық келісім – Тәуелсіздіктің негізі» атты дөңгелек үстел өтті

Нұр-Сұлтан қаласының Достық үйінде «Зайырлы мемлекет және конфессияаралық келісім – Тәуелсіздіктің негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны қалалық дін істері басқармасы мен Дінтану орталығы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Дөңгелек үстелге ислам, христиан, буддизм, иудаизм, синтоизм, даосизм, индуизм секілді діндер мен әртүрлі халықаралық ұйым өкілдері қатысты.

Іс-шараға мәслихат депутаты Е.Дәкенов, «Терроризмге қарсы комитет» ДҚБ президиумының төрағасы А.Оразбаев, сонымен қатар қаланың діни бірлестіктерінің, ғылыми-сарапшылық қоғамдастығының өкілдері қатысты. Олар өткен жылы қабылданған Дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспарды талқылап, мемлекеттік-конфессиялық және конфессияаралық келісімді нығайту мен халық арасында радикалды идеологияның таралуына қарсы іс-қимыл жөніндегі негізгі міндеттер мен шараларға қатысты өз ой-пікірлерін ортаға салды.

«Бүгінгі жиын дін саласындағы күрделі мәселелерді анықтап, шешуге бағытталған. Індетке байланысты мұндай басқосуларды өткізуге тыйым салынған еді. Содан бері онлайн өткізіп келдік, бүгін бетпе-бет кездесудің артықшылықтарын аңғарып отырмыз. Көпконфессиялы астанамыз бірліктің арқасында татулық пен ынтымақтың алып тұғырына айналды. Орталықтың қызметі елордадағы дін мәселелерін, діни бірлестіктер қызметіне, діни білім алу мәселелерін, діни ахуалды зерделеуге бағытталған», — деді Діндерді зерттеу орталығының оңалту және бейімдеу бөлімінің басшысы Жанбота Қарашолақов.

Конфессияаралық келісімді нығайтуда әлемдік және дәстүрлі діндер съезі маңызды рөл атқарады. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2003 жылдан бері өтіп келеді. Әр үш жыл сайын Қазақстан астанасы беделді дін көсемдерінің ашық диалог алаңына айналады.

«Қазақстанда діни ахуал тұрақты деп айтуға болады. Рухани келісім күніне орай мұндай шаралардың дәстүрлі түрде өткізіліп тұратынына біз үйреніп қалдық. Зайырлық қағидаттарын ұстанатын мемлекетпіз, дегенмен мемлекет діннен бөлінгенмен қоғам діннен бөлінбейді. Сондықтан қоғамдағы діннің орны, мүдделерін талқылауда таптырмас орта деп айтуға болады»,— дейді Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде дінтану кафедрасының доценті, дінтанушы Кеңшілік Тышқанұлы.

Сонымен қатар қатысушылар дін саласындағы еліміздің жетістіктерін, дамытар тұстарын талқылап, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауындағы конфессияаралық және ұлтаралық келісім мәселелерін жан-жақты қарастырды.

Айта кетейік, іс-шара санитарлық талаптарды сақтай отырып өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109