1504

Бірыңғай есеп күні: Елордалық бақылау-қадағалау мемлекеттік органдары кәсіпкерлерге өз жұмыстары туралы айтып берді

Нұр-Сұлтан қаласында жыл сайынғы бақылау-қадағалау органдары мен ұйымдарының кәсіпкерлік субъектілері алдындағы бірыңғай есеп беру күні онлайн режимде өткізілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Бірыңғай есеп күні жыл сайын қыркүйектің соңғы бейсенбісінде өткізіледі. Оны өткізудегі мақсат бизнес пен мемлекет қатынастарын реттеу мәселелерін талқылау арқылы кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын жақсарту болып саналады. Осындай іс-шаралардың арқасында сындарлы шешімдер әзірленеді, кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың қауіпсіз қызметті жүзеге асыру бөлігінде құқықтық сауаттылығы артады, мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптарын бұзушылықтардың алдын алу жүйесі дамиды.

Іс-шарада 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап бүгінгі күнге дейінгі кезеңде жүргізілген жұмыс және тексеру динамикасы туралы 15 мемлекеттік орган мен ұйымдардың басшылары есеп берді. Олардың ішінде:   

- Нұр-Сұлтан қаласы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті;

- Техникалық реттеу және метрология комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті;

- Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті;

- Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша департаменті;

- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы;

- Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аумақтық инспекциясы;

- Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мемлекеттік өрт бақылау басқармасы;

- Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы;

- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы;

- Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы;

- Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің басқармасы;

- Нұр-Сұлтан қаласының Әділет департаменті;

- Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті;

- Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасы;

- Нұр-Сұлтан қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109