1974

Ұстаздар күні қарсаңында елордада 1900-ге жуық тұрғын баспаналы болды

Ұстаздар күні қарсаңында Нұр-Сұлтан тұрғындары қоныс тойын тойлап жатыр! Пәтер кілттерін кезекте тұрған қала тұрғындарының бір бөлігі, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтары санатындағы азаматтардың кезекті бөлігі алды. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Отау» көппәтерлі тұрғын үй кешені қолданысқа берілді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов «Отау» көппәтерлі тұрғын үй кешеніндегі пәтерлердің кілтін табыс етті.

«Мұны тұрғын үй кешені дегеннен гөрі шағын аудан десек те болады. Бұл аумақта келесі жылы жаңа мектеп бой көтеретін болады. Қазірдің өзінде жаңа автобус бағыты ұйымдастырылды. Балабақша, медициналық орталық секілді басқа да әлеуметтік маңызды ұйымдар бой көтереді. Абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Яғни тұрғындардың қолайлы өмір сүруіне барынша жағдай жасалады», – деді елорда әкімінің орынбасары Нұрлан Нұркенов.

Осылайша, Алматы ауданында орналасқан «Отау» тұрғын үй кешенінің пәтерлері «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Отбасы банк» жүйесі арқылы пайдалануға берілді. Су жаңа кешенде
1 884 пәтер бар.

Бүгін қоныс тойын тойлап жатқандардың бірі – елордадағы «№65 мектеп-гимназиясының оқытушысы Ағила Ғаниқызы.

«Қаладағы зәулім көпқабатты үйлерді көріп, «Шіркін, менің де өз баспанам болса ғой» деп қатты армандайтынмын. Ниет етсең, түбі жетесің ғой. Енді бүгін, міне, пәтерге қол жеткіздім», – дейді жас ұстаз қуаныштан жүзі бал-бұл жанып.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елордада қолжетімді жеңілдікті тұрғын үй көлемін ұлғайту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Биыл Нұр-Сұлтанда 10 мың жеңілдікті әлеуметтік пәтер салынады. Тек соңғы 3 жылда қолжетімді тұрғын үй саны 5,5 еседен астам ұлғайды.

Мысалы, 2018 жылы 1800 әлеуметтік пәтер, 2019 жылы 2 900 әлеуметтік пәтер, 2020 жылы 7 000-нан астам пәтер салынып, пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, Елбасының бастамасымен қолға алынған «Жұмыс істейтін жастарға жалға берілетін тұрғын үй» бағдарламасы биыл да жалғасады.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109