1864

Алтай Көлгінов ұстаздар қауымын кәсіби мерекелерімен құттықтап, бір млн теңге мен гранттар табыстады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов елорда мұғалімдерін келе жатқан кәсіби мерекемен құттықтап, үздік педагогтарға төсбелгілер мен құрметті атақтар тапсырды. Бұл туралы елорда әкімі Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Ұстаздар – өскелең ұрпаққа бағыт-бағдар беруші, балаларымыздың болашағы! Ұстаздар жұмысы кәсібилікті ғана емес, ерекше қасиеттерді де қажет етеді. Себебі олар балаларға тек білім беріп қана қоймай, зияткерлік әлеуетін ашуға, балалардың мықты қасиетін анықтауға, біліміне сенуге және кәсібін таңдауға көмектеседі. Бүгін мұғалімдер мен педагогика саласының ардагерлерін келе жатқан кәсіби мереке – Ұстаздар күнімен құттықтадым!

Елордалық білім берудің негізі – сапалы мектеп инфрақұрылымы мен мұғалімдердің біліктілігі. Ұстаздардың күнделікті еңбегінің арқасында білімді азаматтар тәрбиеленіп өсті.

Ел басшылығы мұғалімдердің жағдайын жасауға және оларды қолдауға ерекше көңіл бөледі: 2024 жылға дейін жыл сайын педагогтердің жалақысы 25%-ға артып, біліктілікті арттыру бойынша бағдарламалар енгізілді, сол сияқты жоғары оқу орындарына гранттар бөлінді. Бұған қоса қолайлы жұмыс істеу және оқушы орындарымен қамтамасыз ету үшін жыл сайын оқу орындары салынып жатыр. Биыл 15 мектеп салынып, пайдалануға беріледі. Бұл шамамен 40 мың оқушы орнын құруға мүмкіндік береді. Салыстырар болсақ 2020 жылдан екі есе, 2019 жылдан төрт есе көп.

Сондай-ақ, әлеуметтік тұрғын үй салып, тұрғын үй сертификаттарын бөліп жатырмыз.

Бүгін «Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогы» атанған мұғалімдер 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бұл ақшалай марапат өткен жылдан бастап енгізілді. Сондай-ақ «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» және ҚР БҒМ «Ы.Алтынсарин» төсбелгілері, дипломдар берілді. Ал №7 «Аққу» балабақшасына, №85 мектеп-лицейіне және Astana Polytechnic жоғары колледжіне 7 млн теңгеден гранттар берілді.

Ұстаздарымызды шын жүректен кәсіби мерекемен құттықтаймын! Сіздерге зор денсаулық, бақыт және табыс тілеймін!» - деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109