1549

Халықаралық қарттар күніне орай Нұр-Сұлтанда қарияларға құрмет көрсетілді

Халықаралық қарттар күніне орай қалалық ардагерлер орталығында қала тіршілігіне белсенді араласатын егде жастағы тұрғындарға құрмет көрсетілді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елорда әкімінің орынбасары Асхат Оралов атап өткендей, бүгінде қаланың 85 мыңнан астам зейнеткеріне жан-жақты әлеуметтік көмек көрсетіледі.

«Мемлекет басшысы барлық қазақстандықтар үшін, оның ішінде аға буын үшін жайлы жағдай жасауға ерекше көңіл бөледі. Олар көпті көрген, өмірлік тәжірибесі мол жандар. Оларға кеңес алу үшін жүгінеміз, тәжірибесін қабылдаймыз. Бүгінде елорданың 85 мыңнан астам зейнеткеріне жан-жақты әлеуметтік көмек көрсетілуде. Мәселен, зейнет жасындағы қала тұрғындарына атаулы күндер мен мереке күндері біржолғы төлем түседі, сол сияқты тұрғын үйді газдандыру, санаторийде емделу бойынша көмек көрсетіледі. Олар сондай-ақ ақысыз стоматологиялық қызметтерді және тағы басқаларды ала алады. Сонымен қатар, елордада қарт адамдарға әлеуметтік қызмет көрсететін бірнеше орталық жұмыс істейді», – деп атап өтті әкімнің орынбасары.

Нұр-Сұлтан қаласының Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратовтың айтуынша, бүгінгі таңда елордада қарт адамдармен тікелей жұмыс істейтін он шақты ұйым бар.

«Бүгін біз үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне құрмет көрсетіп отырмыз. Олар қоғамдық бастамаларда қарт кісілермен белсенді жұмыс істейді. Нұр-Сұлтанның төрт ауданында төрт Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы ашылды. Ал осы жылдың басында қалалық ардагерлер орталығы да ашылды», – деді Дәурен Бабамұратов.

«Ілтипат» ҚБ директоры Табия Жанмурзинаның айтуынша Қазақстанда Халықаралық қарттар күні жоғары деңгейде атап өтіледі.

«Соңғы жылдары елордалық ардагерлердің өмірі жақсарды. Олар көңілді және қуанышты, спортпен, әнмен, музыкамен, тіпті балетпен айналысады. Біз оларға қарап, қуанамыз. Өйткені, жылдар өте келе адамның өмірлік тәжірибесі де молаяды. «Бұл кәрілік емес, бұл элиталық жас», - деп есептейді Табия Жанмурзина.

Айта кетейік, Халықаралық қарттар күнін мерекелеу аясында елордада 20 қыркүйектен бастап ардагерлер флешмобы, зейнеткерлер арасында шахмат пен дойбыдан турнир өтті. "Есіл" ауданында аулаларды аралау, зейнеткерлер мен мүгедектерді медициналық тексеру жүргізіледі. Сонымен қатар жалғыз басты зейнеткерлер мен ардагерлерге 40 азық-түлік себеті таратылды. Ал білім беру мекемелері қарттарды құттықтап, құрмет көрсетеді.

Сондай-ақ, 3 қазанға дейін волонтерлердің қатысуымен қарттар күніне арналған концерттік бағдарламалар, қоғамдық орындарда гүл тарату, қарттар үйлерінде сенбілік, зейнеткерлерге экскурсия ұйымдастырылады.

2 қазанда қалалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдарда қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға ашық есік күні өткізіледі.

Барлық жоспарланған іс-шаралар санитарлық нормаларды толық сақтай отырып жүргізіледі.

 

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109