1643

Нұр-Сұлтанда ұстаздар қауымын кәсіби мерекемен құттықтап, салтанатты концерт өтті

Қазақстанда қазан айының бірінші жексенбісінде атап өтілетін Ұстаздар күні қарсаңында "Астана" концерт залында елорда педагогтерінің құрметіне салтанатты концерт өтті, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Мұғалімдердің құрметіне арналған салтанатты кеште "Астана" концерт залының сахнасынан әлемдік классиканың өшпес жауһарлары, мұғалімдерге және олардың баға жетпес еңбегіне арналған танымал композициялар шырқалды.

Концерт қонақтары үшін елордалық филармонияның симфониялық және үрмелі оркестрлері, камералық хор, Ғазиза Жұбанова атындағы Мемлекеттік ішекті квартеті, "Туған жер" балалар хоры, "ALEM" эстрадалық би ансамблі өнер көрсетті. Мұғалімдерге музыкалық құттықтауларды ҚР Еңбек сіңірген қайраткерлері Алтынай Жорабаева, Светлана және Қанат Айтбаевтар, "Құрмет" орденінің кавалері Қайрат Баекенов және "Формат" тобы, халықаралық байқаулардың лауреаттары және филармонияның басқа да солистері жолдады.

Іс-шара барлық санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып өтті.

Айта кету керек, жақында Қостанайда "Үздік педагог-2021" республикалық байқауының қорытындысы шығарылды. Оның қорытындысы бойынша 5 елордалық мұғалім жеңімпаздар тізіміне енді. Олардың қатарында: №28 "Жұлдыз" санаториялық балабақшасының қазақ тілі мұғалімі Гүлшат Тұтқышева, Мәшһүр Жүсіп атындағы №57 орта мектебінің география пәні мұғалімі Сарвар Құлметов, №1 Балалар музыка мектебінің хореография бөлімінің меңгерушісі Бағдина Секербек, Көлік және коммуникация жоғары колледжінің арнайы пәндер оқытушысы Шолпан Бабаева, кәсіптік-техникалық колледждің өндірістік оқыту шебері Бейбіт Бибосынов бар.

Бұған дейін мұғалімдер мен педагогикалық еңбек ардагерлерін елорда әкімі Алтай Көлгінов кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Осылайша, "Нұр-Сұлтан қаласының құрметті педагогы" атанған мұғалімдер 1 млн теңге көлемінде ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Бұл тәжірибе өткен жылы ақшалай қаражат бөлу арқылы енгізілді. Сондай-ақ, педагогтер "Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері" және "Ы.Алтынсарин" дипломдарымен және басқа да үш оқу орнына - №7"Аққу" балабақшасына, №85 мектеп-лицейіне және Astana Polytechnic жоғары колледжіне 7 млн теңгеден гранттар берілді.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109