2011

Ұстаздар күні қарсаңында Нұр-Сұлтанда Ыбырай Алтынсаринге бюст ашылды

Бүгін Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығы және Ұстаздар күні қарсаңында ұлы ағартушы, қоғам қайраткері - Ыбырай Алтынсаринге бюст ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Ыбырай Алтысарин бюсті елордадағы №83 мектептің алдына орнатылды. Бюсттің биіктігі тұғырын қоса алғанда 4 метрден асады. Туынды авторы – Нұрбол Қалиев. Бюстің тұғыры граниттен, ал мүсіннің өзі қоладан құйылған.

Салтанатты ашылу рәсіміне Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов, Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының депутаты, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов, ақын, қоғам қайраткері Несіпбек Айтұлы және басқа да қоғам өкілдері қатысты.

«Ел тарихындағы елеулі тұлғаларды ұлықтау – біздің парызымыз. Бүгін біз қазақ халқының аяулы перзенті саналы ғұмырын, қажыр-қайратын бала тәрбиелеуге және халықтың ағарту ісіне арнаған ұлы тұлғамыз Ы. Алтынсариннің бюстын ашуға жиналып отырмыз. Бұл ағартушының 180 жылдық мерейтойына арналған игі шара деп есептейміз. Алдағы уақытта дәл осы №83 орта мектебіне
Ы. Алтынсариннің есімі беріледі деген жоспарымыз бар. Мұндай игі бастамаларды ары қарай да жалғастыра береміз. Осы жыл ел тарихындағы ерекше жыл. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы баршаңызға құтты болсын! Ендігі кезекте осы сәтті пайдалана отырып барша ұстаздар қауымын ертеңгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Әрқайсыңызға зор денсаулық, үйлеріңізге құт-береке, жұмыстарыңызға табыс тілеймін! Еліміздің гүлденуі үшін тамшыдай болса да үлесімізді қоса берейік!» - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов.

Бюсттің салтанатты ашылуына қатысқан қоғам қайраткерлері Алтынсарин армандаған күнге бүгінгі ұрпақ жетіп отыр, деді.

«Ардақты бауырлар, бүгін керемет қуанышты күн. «Бір Аллаға сиынып, кел балалар оқылық», деп жырлап, Торғай даласында алғаш рет қазақ мектебінің қоңырауын сыңғырлатқан қазақтың ұлы ұстазы Ы.Алтынсарин атамызға Нұр-Сұлтан қаласының төрінен мүсінінің бой көтеруі бүкіл қазақ үшін үлкен мақтаныш деп ойлаймын. Құтты болсын дегім келеді. Екі күн бұрын осы мектепте болып, оқушылармен кездестім. Сондағы мына мектептегі үлкен мәжіліс залындай сарай бір кездері ауданымызда да болмаған. Тастан сарай салдырды деген міне осы. Ыбырай атамыз армандаған "жылдам хабар алғызды" деген осы. Осы күнге қазақ жетті. Жеке ел болдық, тәуелсіз ел болдық», - деп ақын Несіпбек Айтұлы қуанышын жасырмады.

«Бүгін Ыбырай Алтынсариннің бюстінің ашылу салтанатына келіп отырмыз. Бүгінгі Қазақстан Алтынсариннің арманына қол жеткізіп отыр. Таяуда ғана ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 1000 мектеп салу бағдарламасын алдыға қойды. Елордамызда таяу жылдардың ішінде 50-ге тарта мектеп салынбақшы. Қазірдің өзінде 3 ауысымдағы мектептер жоқ. Осының бәрі білім және ғылым саласында жүргізіліп жатқан реформалардың арқасы. Мұғалімдердің мәртебесін көтеру бағытында да тамаша шешімдер қабылданды, жалақыны екі есеге көтеру туралы Мемлекет басшысының екі жыл бұрын берген тапсырмасы атқарылып жатыр. Сонымен қатар, ұстаз боламын деген студенттердің шәкіртақысы көтерілді. Міне, мұның бәрі педагогтердің дәрежесі мен абыройының көтерілуіне кептігін тигізеді. Егер мектепте, қоғамда мұғалімнің мәртебесі биік болса, онда оқушылар мен студенттер сапалы білім алады», - Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Баташұлы.

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай биыл елордада мәдениет пен жалпы елдің дамуына үлкен үлес қосқан белгілі қазақ қайраткерлеріне арналған ескерткіш топтамасы ашылды. Бұған дейін қалада алашордашыларға, сол сияқты Талғат Бигелдинов, Дина Нұрпейісова, Қаныш Сәтпаев, Жұмабек Ташенев, Жақсылық Үшкемпіров сынды тұлғаларға ескерткіштер қойылған болатын. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда күн сайын адам өмірін құтқаратын өрт сөндірушілер мен медицина қызметкерлерінің құрметіне монументтер орнатылды. Бұл жұмыс жастарға рухани, патриоттық және мәдени құндылықтарды насихаттау мақсатында жүргізіледі.

Айта кетейік, қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты бюстің ашылуы маска режимі, әлеуметтік қашықтық секілді санитарлық талаптарды сақтай отырып өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109