1266

Chek-up, концерттік бағдарлама: Елордалық зейнеткерлер үшін Ашық есік күні қалай өтті

Нұр-Сұлтанда қалалық медициналық ұйымдарда ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен қарт азаматтар үшін Ашық есік күні өтті. Медицина қызметкерлері пациенттерге арнап ән шырқап, концерттік бағдарлама қойды. Кішігірім қойылымдар көрсеткен кейбір ұйымдарға ансамбльдер мен шығармашылық труппалар шақырылды. Ашық есік күні санитарлық нормаларды сақтай отырып өтті. 

«Ерекше қажеттіліктері бар қарт адамдарға қамқорлық, қоғам өміріне толыққанды қатысу, қажетті күтім жасау өте маңызды. Кейде әдеттегі көңіл бөлу олардың күлімдеуіне жеткілікті. Ашық есік күні біз оларға толық медициналық тексеру жүргізіп қана қоймай, би билеп, өздеріне қызықты тақырыпта әңгімелестік. Қамқорлық осыдан көрінеді», - деді №6 қалалық емхананың директоры Динара Байсеркина.
Емханалар қабырғасында барлық пациенттерге УДЗ-тексерулер, ЭКГ және басқа да диагностикалық қызметтер тағайындалды, бейінді мамандардың консультациялары өткізілді.

БМСК бірнеше ұйымы алғыс ретінде емханаларда жұмыс істеген зейнеткерлерге азық-түлік пакеттерін табыс етті. Бұл медициналық мекеменің әлеуметтік қолдауының бір көрінісі, дейді мамандар.
Медицина қызметкерлері оларға Check-up өткізіп, мерекеге орай сыйлықтар табыс етті.

«Біз ән айтып, би билеп, жастық шағымызды еске алдық. Емханаға емес, концертке немесе шай ішіп, әңгімелесуге келген сияқтымыз. Осындай іс-шараны ұйымдастырғаны үшін баршаңызға рахмет. Бізді ешқашан ұмытпайтын дәрігерлерге рахмет!» - дейді зейнеткер Людмила Зыкина.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109