3685

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны 7 қазанда тікелей эфирде өтеді

Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны 7 қазан күні сағат 14:10-да Хабар телеарнасының тікелей эфирінде өтеді. Екі бөлмелі пәтер Сарыарқа ауданында, Есіл өзенінің жағасынан 900 метр қашықтықта, «Рио-де-Жанейро» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Демеушісі — «G-Park» құрылыс компаниясы.

Екі бөлмелі пәтердің автоматты ұтыс ойынына осы жылдың 25 маусымы мен 28 қыркүйегі аралығында қалалық вакцинация пункттерінің кез келгенінде, медициналық мекемелерде, сауда ойын-сауық орталықтарында екпенің бірінші компонентін алған 18 жастан асқан тұрғындар қатысады.

Сонымен қатар, тікелей эфирде бағалы сыйлықтар ойнатылады: үш iPhone12, тоңазытқыштар, теледидарлар, микротолқынды пештер, шаңсорғыш, үтік, фен және т.б.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін екпе алғандар арасында 19 iPhone12, 6 тоңазытқыш, 4 теледидар, 2 планшет, 4 қысқа толқынды пеш, 5 принтер, 2 бейнетіркегіш, кір жуғыш машина, Алиса ақылды колонкасы, ауа ылғалдандырғыш және т.б. ойнатылды. Вакцинацияланған адамдар арасындағы ұтыс ойындары жалғасады. Жүлделерді демеушілер ұсынады.

Birge платформасында ұтыс ойынының жеңімпаздарын анықтау үшін арнайы рандомайзер сервисі орнатылған, ол екпе алғандардың ID нөмірі арқылы жүлде иелерін таңдайды. Әзірлеуге IT-қауымдастық та қатысты. Вакциналанғандар бойынша Сервис ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйесімен біріктірілген.

Елордада өткізілетін ұтыс ойындары азаматтарды екпе алуға ынталандыру, осылайша өзінің және айналасындағы адамдардың денсаулығын сақтау үшін ұйымдастырылады. Өйткені, басты мақсат - ұжымдық иммунитетті дамыту және карантинге дейінгі режимге оралу.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109