1655

Елордада жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдау басталды

Елорданың Халықты жұмыспен қамту орталығы қоғамдық жұмыстар, Жастар практикасы, Әлеуметтік жұмыс орындары, Алғашқы жұмыс орны, Ұрпақтар келісімшарты жұмысқа орналастыру бағдарламалары аясында жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдауды бастады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына, сондай-ақ жұмыспен қамтудың белсенді шараларын ұйымдастыру және қаржыландыру қағидаларына сәйкес өтінімдерді жинау қаржыландыру лимитіне сүйене отырып, жыл сайын 1 қарашаға дейінгі мерзімде жүзеге асырылады.

Жұмыспен қамтудың белсенді шараларын ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жайлы толық ақпаратты czn.kz сайтынан немесе 57-89-35; 72-93-56 телефондары арқылы алуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы бірінші рет жұмыс іздеп жүрген, 29 жастан аспаған және жұмыс тәжірибесі жоқ NEET санатындағы жастарға арналған.

«Ұрпақтар келісімшарты» зейнеткерлікке шығатын еңбеккерлерді ауыстыруға кадрлар даярлайтын жастарға арналған.

«Жастар тәжірибесі» бағдарламасы үш жыл бұрын диплом алған, жұмыс тәжірибесі жоқ 29 жасқа дейінгі ЖОО түлектері арасында жүзеге асырылады. Өту ұзақтығы - 6 ай.

«Қоғамдық жұмыстар» - халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастыратын, қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, әлеуметтік пайдалы бағыты бар еңбек қызметінің түрі.

«Әлеуметтік жұмыс орындары» жұмыс беруші жұмыссыздарды орналастыру үшін құрады. Олардың арасында табысы аз, көпбалалы отбасылардың мүшелеріне, мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған жандарға және т.б. басымдық беріледі, бұл ретте жалақыны мемлекет субсидиялайды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109