1637

Павлодар облысы осы демалыс күндері елордадағы жәрмеңкеде өз өнімдерін ұсынады

Осы демалыс күндері, 9 және 10 қазанда "Хан Шатыр" СОО жанындағы алаңда Павлодар облысы тауар өндірушілерінің қатысуымен кезекті ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Ауыл шаруашылығы жәрмеңкесіне Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалаларының, облыстың ауылдық жерлерінің тауар өндірушілері, сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлері қатысады. 

Аталған өңір елордаға 200 млн.теңгеден астам сомаға 520 тонна өнім, оның ішінде ет, ет-сүт, бакалея өнімдері, картоп, көкөніс әкеледі. 

Павлодарлық кәсіпорындар Нұр-Сұлтан тұрғындарына өндірушілер бағасы бойынша азық-түліктің кеңейтілген ассортиментін ұсынады. 

Картоп, қырыққабат, сәбіз – "Ақтоғай Агро" ЖШС, "Тимур", "Андас", "Маяк", "Заря" шаруа қожалықтары, ет - "Галицкое" ЖШС, "Победа" ЖШС, "Табыс" ШҚ, "Луганск" ӨК, "Ақжар-Өндіріс"ЖШС.

Брендтері республика бойынша және одан тыс жерлерде танымал "Рубиком" ЖШС, "КЭММИ" ЖШС, "Сүт" АҚ, "МолКом Павлодар" ЖШС, "Крендель"ЖШС кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынады.

Жәрмеңке санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып өткізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, елордада осы жылы әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында көкөністер мен жемістердің пісу мерзімін ескере отырып, 14 жәрмеңке өткізу жоспарланған. Ауыл шаруашылығы өңірлік жәрмеңкелерінің маусымы Нұр-Сұлтанда 31 қазанға дейін жалғасады. 21 тамыздан бастап елордадағы жәрмеңкелерде Түркістан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109