1389

Елордада 21 жастан 60 жасқа дейінгі аралықтағы тұрғындардың вакцина алу қарқыны өте жоғары - дәрігер

Нұр-Сұлтан қалалық №8 емхананың жалпы практика дәрігері Шолпан Дайрабаева екпенің артықшылығын айта келе, денсаулығына байланысты кімдерге алуға болмайтынын түсіндіріп берді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Қазіргі уақытта 21 жастан 60 жасқа дейінгі аралықтағы пациенттер арасында вакцина алу қарқыны өте жоғары. Олар вакцина алғаннан кейін бірінші кезекте қоғамдық мекемелерде емін-еркін жұмыс істей алады. Ал жұртшылықпен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істейтін адам бірінші өзін сақтауы керек, екіншіден өзінің айналасындағы əріптестерін жəне қызмет алушы азаматтардың денсаулығына жауапкершілікпен қарау керек», - деді дәрігер.

Өз сөзінде ол өзі қызмет ететін емханада дәрігерлерден бөлек, ең бірінші кезекте əскери жұмысшылар, мұғалімдер екпе алғанын атап өтті. Сол сияқты қоғамдық мекемелерде де жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлердің вакцина алудағы қарқыны өте жоғары жəне қазіргі уақытта олардың 80%-ға жуық вакцинациядан өткен.

Сөзін жалғай отырып, қандай жағдайда екпе салуға болмайтыны туралы анықтама берілетінін қозғап өтті.

«Бойында қатерлі ісігі бар науқастарды ерекше атап өту керек. Оларда вакцина алуға болмайтын абсолютті қарсы көрсеткіш бар. Сонымен қатар дене температурасы 38,5 градустан жоғары, жедел респираторлық аурулардың қандай да бір клиникасының байқалуы яғни, жөтелдің немесе тамақтықтың ауруы жəне ОРВИ симптомдары барларға екі аптаға дейін уақытша вакцинаға қарсы медициналық анықтама береміз. Сол сияқты бронхиалды астма немесе асқазан-ішек жолдарының созылмалы ауруларының күшеюі кезінде де аурудың ауырлығына қарай уақытша анықтама беріп, вакцина салмаймыз. Сонымен қатар мезгілдік аллергиялық аурулар кезінде де аллергиялық маусым аяқталғанға дейінгі аралықта анықтама береміз», - деді дәрігер.

Шолпан Дайрабаева өзі қызмет ететін емханада күніне 10-15 адамға екпе алуға болмайтыны туралы анықтама берілетінін қозғап өтті.

«Коронавирус инфекциясы басталғаннан бері еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін қарапайым ғана медициналық бетпердені тағуды, антисептиктермен қолды залалсыздандыруды, сырттан үйге кірген кезде қол жууды жəне түшкірген адамнан арақашықтықты сақтауды, топтасқан адамдар ортасында көп тұрмауды үйренді деуге болады. Оның өзі халықтың медициналық сауаттылығының жоғарлауы деп білемін. 

Диспансерлік тізімде тұратын, қатерлі ісіктермен ауыратын науқастарға үш айға дейін тегін алынатын дәрілік заттарды береміз. Олар емханаға жиі келе бермейді. Біз олардың дəрумендерін уақытында ішуі, салауатты өмір салтын ұстануы туралы толық ақпараттандыруға тырысамыз. Əр науқас денсаулығы үшін 90% өзі жауапты екенін біледі. Мəселен кеше ғана «Қарттар күні» мерекесіне қарияларымызды шақырған кезде ол кісілер «Қазір жағдайым жақсы, мүмкіндік болса мен үйімде болайын, егер қандай да қажеттілік туындағанда өзім барамын» деген жауапты көп естідік. Бұл бізді еріксіз қуантады», - деді ақхалатты маман.

Дәрігер екпе алғысы келетіндердің көбі Спутник V вакцинасын таңдайтынын айрықша атап өтті. 

«Коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарға мониторинг жасап отырамыз, онлайн консультация береміз. Соның ішінде санмен айтатын болсам 60 адамның 19-ы - екпе алып, 41-і - екпе алмағандар. Уақыт өте келе вакцина алған пациенттердің коронавирусқа шалдығу көрсеткіші төмендеп, ал вакцина алмаған тұрғындар арасында коронавирус инфекциясын жұқтыруы жоғары болып тіркелгені анықталады. Сол үшін қазіргі уақытта біз мүмкіндігінше мемлекеттік телеарналар, радиолар, органдардың түсіндіру жұмысы ары қарай да жалғасуы керек. Сонда антиваксерлердің негізсіз болжамын тоқтата аламыз», - деді №8 емхананың дәрігері.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109