1129

Нұр-Сұлтанда екі күн ішінде 23 мекеме карантин талаптарын сақтамағаны үшін жауапкершілікке тартылды

Елорданың мониторингтік топтары күн сайын күшейтілген режимде жұмыс істей отырып, карантин бұзушыларды анықтайды. Екі тәулік ішінде шектеу шараларын сақтамаған 23 мекеме жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Өткен екі күнде, 8 және 9 қазанда елорданың мониторингтік топтары 23 кәсіпкерлік нысанында карантин талаптары бұзылғанын анықтады.

Байқоңыр ауданында "Ирис" түнгі клубында және "Токио" ойын клубында карантин тәртібі ескерілген жоқ, осылайша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Карантиндік шаралардың сақталмауы Алматы ауданында "Зейне" және "Целена" кафелерінде, "ЧБД" клубында, "Партизан" барында, "Алас" саунасында, "Endorphin" саунасында, "Алексеевские" саунасында, Байтұрсынов көшесі, 1 атмосфералық барда, Абылай хан көшесі, 26/1 мекенжайы бойынша "Панаехали" екінші барында байқалды. Бұзушылар тізіміне сондай-ақ "Ashyq" қосымшасынсыз жұмыс істеген "Sova" бары, "Дача" саунасы, "Любимый" және "Киш Миш" кафелері кірді.

Мониторингтік топ Сарыарқа ауданындағы "Айриш паб" түнгі клубын, "Қарақат", "Ямайка", "Барашка", "Жарқыл", "Бақыт", "Күнжіт" кафелерін және "Champ" ойын клубын тіркеді.

Мекеме иелеріне қатысты жиналған материалдар тиісті әкімшілік шаралар қабылдау үшін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы уәкілетті органға жіберілді. 

Айта кету керек, індет көрсеткіші төмендегеніне қарамастан екпе алып, ұжымдық иммунитетті дамытудың, сондай-ақ санитарлық нормаларды сақтаудың маңызы зор.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109