1131

Нұр-Сұлтандағы мұз айдында ерекше балаларға арналған «Көңілді старттар» отбасылық іс-шарасы өтті

"Тарлан" мұз айдынында мүгедектер күніне арналған отбасылық көңілді старттар өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің сайты.

Іс-шараға 60-тан астам ерекше бала, сондай-ақ олардың ата-аналары қатысты.

«Біз жыл сайын ерекше балаларымыз үшін мүгедектер күніне арналған көңілді старттар өткіземіз. Басты мақсатымыз – бұқаралық спорт түрлерін дәріптеу, ерекше физикалық қажеттіліктері бар балаларды спортпен айналысуға тарту. Балалардың көбі үйінде отырады, сондықтан біз олармен танысып, жаңа достар табу үшін оларды әлеуметтендіруге тырысамыз», – деді "Каспий" спортты дамыту қорының атқарушы директоры Абдусаид Назаров.

Эстафетаға қатысушылар бірнеше командаға бөлінді. Оның әрқайсында әр отбасыдан ата-ананың біреуі мен бір бала болды. 

«Бала күнінен көру қабілеті нашар ерекше балам бар. Жарысқа әпкесімен бірге қатысады. Мұндай іс-шараларды өткізу балалар үшін өте пайдалы. Кеше мен оған осында келетінімізді айтқанымда көзі қуаныштан жайнап кетті. Бізде балалар тегін жаттығулар жасай алатын оқу орталықтары бар болғаны өте жақсы. Бір жарым жыл бұрын біз "Тарлан" мұз орталығы туралы сол аналардан білдік. Сосын медициналық комиссиядан өтіп, рұқсат алдық. Аптасына бірнеше рет осы жерге келеміз», - деп өз әсерімен бөлісті ерекше баланың анасы Альфия Хайназарова.

Тағы бір ана Жаңагүл Жапарова мұндай іс-шаралар ерекше балаларды тәрбиелеп отырған аналар үшін де пайдалы екенін атап өтті.

"Біз мұнда бірінші рет келдік. Менің аутистикалық спектрлі балам бар, оған ойын терапиясы қажет, сондықтан біз барлық жерде жүруге тырысамыз. Мұндай іс-шаралар аналардың да ойын бөліп, сергіп қалуына жақсы әсер етеді. Бұл — ерекше балалар үшін жақсы бастама", - деп бөлісті әйел.

Ұйымдастырушылар эстафетада жүлделі орындар болмағанын, қордан барлық командалар сыйлықтар алғанын атап өтті.

Айта кету керек, "Тарлан" мұз айдынында күн сайын ерекше физикалық қажеттіліктері бар адамдар үшін тегін негізде жаппай сырғанау өтеді. Олардың әрқайсысымен тегін қызмет көрсету туралы шарт жасалады.

"Мұнда біздің барлық келушілеріміз қатысады. Біз жай ғана көңілді старттарды алдын ала жарияладық. Қормен келісім жасасу үшін біздің спорт дәрігерінің қарауынан өту керек. Содан кейін дәрігер рұқсат береді. Біздің менеджерлер тұтынушымен келісімшарт жасайды, секция түрлерімен таныстырады және абонемент беріледі. Мұнда біз спорттың үш түрін дамытамыз: следж-хоккей, сурдо-хоккей, жаппай тегін сырғанау", - деп түсіндірді Абдусаид Назаров.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109