1077

Елордада екпе алғандар арасында екі бөлмелі пәтер ұтыс ойынының жеңімпазына тұрғын үй сертификаты берілді

11 қазанда елордада вакцинацияланғандар арасында екі бөлмелі пәтер ұтысы ойынының жеңімпазына G-Park компаниясының тұрғын үй сертификаты табыс етілді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Естеріңізге сала кетейік, 7 қазан күні "Хабар" телеарнасының тікелей эфирінде Нұр-Сұлтанда егу пунктерінде вакцинацияланған азаматтар арасында екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны өтті. Оған 25 маусымнан 28 қыркүйекке дейін вакцинаның бірінші компонентін алған азаматтар қатысты. Жеңімпаз Birge платформасында анықталды, онда арнайы рандомайзер қызметі орнатылып, вакцинацияланғандардың ID-ін құру арқылы сыйлық иелерін таңдады.

Сарыарқа ауданындағы Есіл өзенінің жағалауында орналасқан "Рио-де-Жанейро" ТК-дегі жаңа пәтерді G-Park құрылыс компаниясынан Әсемгүл Ысқақова жеңіп алды. Оның үш баласы бар, елордаға 2010 жылы көшіп келіпті. 

«Тәтем маған қоңырау шалып, сен пәтер жеңіп алдың деп айтқан кезде, мен ұзақ уақыт сене алмадым. Күйеуі ұтыс ойынын тікелей эфирде көрген екен. Біз отбасымызбен бірге бұл оқиғаға өте қуаныштымыз. Шексіз алғысымды білдіремін. Сондай-ақ, барлық тұрғындарды вакцинациялануға шақырамын, тек осылай ғана өзіміздің жəне айналамыздағы адамдардың денсаулығын сақтай аламыз», - деп ойымен бөлісті ұтыс ойынының жеңімпазы Әсемгүл Ысқақова. 

«Біз пәтер ұтысына демеуші ретінде қуана қатыстық. Вакцинацияның арқасында қазір қала бойынша емін-еркін жүре аламыз, өзімізді қауіпсіз сезінеміз. Айта кету керек, компаниямыздың ұжымы алғашқылардың бірі болып коронавирусқа қарсы вакцинациядан өтті. Біз азаматтарды екпе алуға шақырамыз», - деді "G-Park құрылыс компаниялары тобының бас директоры Ғабит Сатмағамбетов.

Сонымен қатар, екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны күні екпе алғандар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылды: үш iPhone12, тоңазытқыштар, теледидарлар, микротолқынды пештер, шаңсорғыш, үтік, фен және т. б.

«Азаматтарды вакцинациялауға ынталандыру мақсатында қала әкімі жаздың басында екпе алғандар арасында екі бөлмелі пәтердің ұтыс ойыны өткізілетінін хабарлады. Сонымен қатар, жаппай екпе басталғаннан бері көптеген ұтыс ойындары өткізілді, демеушілер өздерінің әлеуметтік жауапкершілігін көрсетті. Вакциналау пункттері орналасқан әрбір сауда-ойын-сауық орталығы да екпе алғандар арасында тұрмыстық техниканы, сертификаттарды, жеңілдік купондарын және т.б. ойнатқан. Егер жаппай вакцинациялаудың басында – сәуір-мамыр айларында күніне бірінші компонентпен 2500-3000 адам екпе алса, жазда тәулігіне 8 мыңға дейін вакцинацияладық», - деп хабарлады қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Әйгерім Ардаққызы.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, бүгінде екпенің бірінші компонентін қала тұрғындарының 70%-ы (435 мыңнан астам адам) алды.

«Вакцинацияның және ұжымдық иммунитетті қалыптастырудың арқасында елордада сырқаттанушылық деңгейі төмендеді, біз біртіндеп бұрынғы өмір ырғағына оралып жатырмыз, карантиндік шаралар жеңілдетілуде. Егер жазда ковид ретінде 16 аурухана жұмыс істесе, қазір олардың 6-7-сі қалды. Инфекциялық және реанимациялық төсектерді қысқартамыз. Жоспарлы ауруханаға жатқызуды біраз уақытқа тоқтатқан. Ал қайта бейінделген стационарлар штаттық режимде жұмысқа қайта оралады», - деп түсіндірді қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі. 

Естеріңізге сала кетейік, азаматтарды вакцинациядан өтуге ынталандыру мақсатында әкімдік демеушілермен бірлесіп, әлеуметтік желілердегі әкімдіктің ресми парақшаларында апта сайын Нұр-Сұлтанда екпе алғандар арасында бағалы сыйлықтардың ұтыс ойындарын өткізген болатын. Барлығы 20 дана iPhone12, 8 тоңазытқыш, 6 теледидар, 2 планшет, 6 микротолқынды пеш, 5 принтер, 2 бейнетіркегіш, кір жуғыш машиналар, Алиса ақылды колонкасы, ылғалдандырғыш және басқалар ойнатылды.

Тек екпе ғана өзіңіздің жəне жақындарыңыз бен айналаңыздағы адамдардың денсаулығын қорғауға, карантинге дейінгі қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік береді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109