904

Стресске қарсы тұру және психикалық денсаулықты бақылау жолы: елордалық дәрігер кеңесі

Жыл сайын 10 қазанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бастамасы бойынша психикалық денсаулық күні атап өтіледі. Жоғары санатты психиатр-дәрігер, Қалалық психикалық денсаулық орталығы директорының ауруханадан тыс жұмыс жөніндегі орынбасары Елена Полиенко адамға өзінің психикалық денсаулығын бақылау не үшін маңызды екенін, психикалық аурудың болуына қандай факторлар әсер етіп отырғанын, күйзеліс пен депрессияға қалай қарсы тұру керектігін айтты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Психикалық денсаулық – бұл адам өзінің мүмкіндіктерін жүзеге асыратын, өмірлік қиындықтар мен стресстерге тиімді қарсы тұратын психологиялық және әлеуметтік әл-ауқат жағдайы», - деді Елена Полиенко.

Дәрігердің айтуынша, психикалық бұзылулардың көбінің себебі толық анықталған жоқ. Ғалымдар әртүрлі биологиялық, психологиялық және әлеуметтік факторлар психикалық бұзылулардың дамуына ықпал ете алатынын анықтады.

«Психикалық бұзылулар көбіне проблемалардың жиналуынан туындайды. Психикалық бұзылулар жүрек-қан тамырлары ауруларынан кейінгі ауыртпалықтың екінші маңызды себебі болып саналады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша әлемдегі әрбір төртінші немесе бесінші адам белгілі бір психикалық немесе мінез-құлық бұзылуынан зардап шегеді. Түрлі мәліметтер бойынша, терапевт пациенттердің 10-50%-ында психикалық бұзылулар бар», - деп толықтырды дәрігер.

Қазіргі уақытта әлемде ең көп таралған психикалық бұзылыс - депрессия, дейді психиатр.

Депрессиялық күйден туындайтын ең күрделі мәселе - суицид. Жыл сайын әлем бойынша 800 мыңнан астам адам өз-өзіне қол жұмсайды. Біраз адам психикалық бұзылулардан зардап шегеді (алкоголизм, нашақорлық). Олардың бәріне білікті психиатриялық көмек қажет.

Сондай-ақ, ол депрессияға төтеп беру жолы, батыл болу жолын ұсынды.

«Стресске төзімділік - ауыр кезеңде де сау болуға мүмкіндік беретін мінез-құлық белгілерінің жиынтығы. Қазіргі әлемде стресске төзімділік тек жұмыста ғана емес, күнделікті өмірде де қажетті жеке қасиеттердің бірі болып саналады. Оның құпиясы - қиын жағдайлардан дұрыс шыға білу», - деп бөлісті Е.Полиенко.

Стресске жол бермеуге және стресске төзімділік деңгейін арттыруға көмектесетін бірнеше кеңес:

- Тәжірибемен бөлісу: Сіздің проблемаңызды шешуге ешкім міндетті емес, бірақ кейде біреумен әңгімелесу өте маңызды;

- Ұйқыңызды қандырыңыз: неғұрлым жақсы демалсаңыз, соғұрлым стресске аз ұшырайсыз;

- Жұмыс кестесін қою;

- Күні бойы тұрақты үзіліс жасау;

- Міндеттерге басымдық беру: бірінші кезектегі міндеттерді шешу;

- Жүктемені дұрыс бөлу;

- Перфекционизмге қарсы тұру;

- Бәрін бақылауға тырыспаңыз;

- Жақсы ойлау.

Маман білікті медициналық көмекке жүгіну ешқашан кеш емес дейді.

«Психикалық жағдайдың тұрақсыздығының белгілері: көңіл-күйдің өзгеруі, ұйқы мен тәбеттің бұзылуы, жұмыс қабілетінің төмендеуі, шаршаңқылық пен ашуланшақтық, ұйқыдан және демалыстан кейін демалу сезімінің болмауы, сүйікті ісіңізді орындау кезінде қанағаттану сезімінің болмауы, басқалармен сөйлескісі келмеуі. Егер бұл белгілер кем дегенде екі апта байқалса маманның көмегіне жүгінуіңіз керек», - дейді психиатр.

Халыққа психиатриялық, психологиялық және психотерапиялық көмек көрсету тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында жүзеге асырылады.

«Психикалық бұзылуларға стигматизацияны төмендету мақсатында алғашқы психикалық денсаулық орталықтарының желісі Нұр-Сұлтан қаласының № 2,4,6,8,10 қалалық емханалары базасында ашылған. Болашақта психикалық денсаулықтың бастапқы орталықтарының санын арттыру жоспарланып отыр. Нұр-Сұлтан қаласының психикалық денсаулық орталығында дағдарыстық психологиялық қызмет жұмыс істейді: шұғыл психологиялық көмек кабинеттері, тәулік бойы сенім телефоны», - дейді маман.

Стационарлық жағдайда психиатриялық көмек көрсету кезінде пациенттерді барынша аз оқшаулайтын қарқынды стационарлық технологияларды дамытуға, сондай-ақ бекітілген клиникалық хаттамаларға сәйкес стационарда болудың орташа мерзімдерін сақтауға басты назар аударылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109