1002

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордалық саябақта Бадам аллеясы отырғызылды

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай елордалық «Ататүрік - Жыл мезгілдері» саябағында 350 бадам көшеті отырғызылды. Іс-шара жыл сайынғы «Ұлттық орман отырғызу күні» экологиялық акциясына қолдау көрсету мақсатында өткізілді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Ағаштарды отырғызуға Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы, «Тұрақты даму» жер қоры қоғамдық бірлестігі, сондай-ақ қоғамдық ұйымдардың, экология министрлігі мен қала әкімдігінің өкілдері қатысты.

«Бірнеше жылдан кейін ERG-дің Бадам аллеясы елорданың керемет орындарының біріне айналады деп үміттенеміз. Экостратегия аясында көгалдандыруға айтарлықтай үлес қосуды көздеп отырмыз. Осылайша біз Мемлекет басшысының таяудағы бес жылда Қазақстанда 2 млрд-тан астам ағаш отырғызу туралы тапсырмасын қолдаймыз. 2025 жылға дейін 420 000 ағаш отырғызбақпыз. Жобаға салынған инвестиция - шамамен 1,5 млрд теңге», - деді Еуразиялық топтың қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Талғат Төребеков.

Бұл - компания қолдаған «Тұрақты даму» жер қоры қоғамдық бірлестігінің екінші акциясы. Осы жылдың маусым айында ERG қызметкерлері ұлттық кардиологиялық орталықтың аумағына көшеттер отырғызған.

«Біздің команда кеңес беруге, қандай да бір ағаш түрінің ерекшеліктері туралы айтуға дайын. Білікті мамандарымыз көп жылдан бері экожобалар саласында консалтингпен айналысып келеді, сондықтан да бізде белгілі бір «пікірлес орман клубы» қалыптасып қалды», - деп атап өтті Қазақстандағы акцияның бастамашысы Алан Бесен.

Айта кету керек, Ұлттық орман отырғызу күні алғаш рет 2014 жылдың сәуір айында «Тұрақты даму» жер қорының бастамасымен өтті. Акцияның мақсаты - ормандарды сақтау және қалпына келтіру, қалалық жасыл аймақтарды жайластыру, экологиялық жарықтандыру және Қазақстанның жасыл қорын қалпына келтіру жобаларына бизнес ресурстарын тарту.

Естеріңізге сала кетейік, «Birge – taza Qazaqstan» республикалық экобастамасы аясында елордада қала басшылығының тапсырмасы бойынша экологиялық айлық өткізіледі. Апта сайынғы сенбіліктерде коммуналдық қызметтермен бірге қаланың мемлекеттік органдары, мекемелері мен ұйымдарының ұжымдары қысқы кезеңге дайындық жүргізеді, қоқыстарды жинайды және ағаштар отырғызады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109