818

Нұр-Сұлтанда «Jastar jalyny-2021» шығармашыл жастар фестивалі өтіп жатыр

Жақында NOMAD City Hall концерт залында «Jastar jalyny-2021» шығармашыл жастар фестивалінің салтанатты ашылуы өтті. Бір апта ішінде қаланың жоғары оқу орындарының студенттерінен құралған 15 команда 10 номинация бойынша бақ сынайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Биылғы ауқымды фестиваль ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған. Оны Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Қазақстанның жастар фракциясы ұйымдастырды.

«Біз «Jastar jalyny» фестивалін жыл басынан бері өткізуді жоспарлап отырмыз. Алайда, пандемияға байланысты оны кейінге қалдыруға тура келді. Қазірдің өзінде, карантиндік шараларға байланысты көп адам жинай алмадық - қаламыздың 15 университетінен 10 адамнан артық емес. Басты мақсатымыз - елорданың шығармашылық жастарын таныту, сондай-ақ дарынды жастарға қолдау көрсету. Ең бастысы, фестивальге қатысқан барлық студент вакцина алды», - деді елорданың Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Қайрат Қамбаров.

Естеріңізге сала кетейік, байқау 10 номинация бойынша өткізіледі. Оның ішінде: эстрада, ұлттық би, заманауи би, музыкалық аспаптар, айтыс, поэзия, медиа, театр, сурет салу, жастардың күші.

Фестивальдің қазылар алқасы еліміздің ең тәжірибелі мамандарынан құралған. Қатысушыларды Мәдениет және өнер қайраткерлері, Қазақстанның еңбек сіңірген әртістері, кәсіби хореографтар мен видеографтар бағалайды.

«Студенттеріміз белсенді дайындалуда. Бұл дайындықтың нәтижесі оң болады деп үміттенеміз. ЕҰУ 10 номинацияға өтінім берді. Айта кету керек, өткен фестивальде біз жалпы есепте 1-орынға ие болдық. Биыл біз осы нәтижені қайталамақпыз», - деді Еуразия ұлттық университетінің «Jastar» департаментінің директоры Жамбыл Тілепов.

Фестиваль 18 қазанға дейін жалғасады және санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып өтеді.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109