984

Елордада үздік эссе, шығарма және өлең конкурстарына жұмыстарды қабылдау жалғасуда

Елордалық Жастар саясаты мәселелері басқармасы оқушылар, колледж оқушылары және ЖОО студенттері арасында үздік эссе, шығарма және өлең конкурстарын өткізеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Конкурстар өткізу жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Олар мынадай мақсаттар үшін ұйымдастырылған:

- жастарды патриотизм және сыбайлас жемқорлықты қабылдамау рухында тәрбиелеу;

- сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымды қалыптастыру, оқушылардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетінің деңгейін арттыру.

Байқау жұмыстарын қабылдау (эссе/шығарма/өлең) 2021 жылдың 18 қазанына дейін жалғасады. Жеңімпаздарды марапаттау 21 қазанда өтеді.

Эссе, шығарма және өлең электронды түрде konkurslesse@yandex.kz электронды мекен-жайына ұсынылады. Жұмыс көлемі 2 беттен аспауы тиіс.

Жұмыстарды бағалау үшін арнайы конкурстық комиссия құрылды, ол конкурс тақырыбын ашу, нақты және негізделген авторлық ұстаным, қорытындылардың бірегейлігі мен дербестігі, баяндаудың тұтастығы мен қисындылығы сияқты өлшемшарттарды басшылыққа алатын болады. 

Конкурстық жұмыстарға қойылатын талаптармен және қосымша ақпаратпен @ns_jastary Instagram парақшасынан немесе 55-67-05 телефоны бойынша танысуға болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109