950

Елордалық спортшы аралас жекпе-жектен Орталық Азия чемпионы атанды

Қарақалпақстанның астанасы Нүкіс қаласында аралас жекпе-жектен (ММА) Орталық Азияның бірінші чемпионаты аяқталды. Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Ерсұлтан Шәкенбай 52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде турнир чемпионы атанды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жарыс 8-11 қазан аралығында өтті, оған Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Әзірбайжаннан алпысқа жуық жауынгерлік өнер шеберлері қатысты. 

Ерсұлтан Шәкенбай үш кездесуде қарсыластарын мерзімінен бұрын жеңді, финалда айқын басымдықпен тәжік спортшысы Вахид Захидзодты жеңіп, чемпионаттың жеңімпазы атанды. 

Өз кезегінде 93 кг салмақта сынға түскен Александр Вал Өзбекстан өкілі Хусейн Рахимовтан жеңіліп, күміс медальға ие болды. 

Қазақстан құрамасы жалпы есепте медаль саны бойынша екінші орын алды. Өзбекстан спортшылары бірінші орынға ие болды, үздік үштікті Тәжікстан құрамасы түйіндеді.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың тамыз айында Ерсұлтан Шәкенбай Қазанда (Татарстан) Еуропа чемпионатын жеңіп алған болатын.

Елордалық спортшылар 2021 жылдың қараша айында өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109