1318

Нұр-Сұлтан тұрғындары газдандырудың артықшылықтары туралы айтты

Нұр-Сұлтанда қаланы газдандыру бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Екі жыл ішінде елордада 645 шақырымнан астам кварталішілік газбен жабдықтау желілері салынды. "Көктал-1", "Көктал-2", "Железнодорожный", "Агроқалашық" тұрғын алаптарының тұрғындары газға қосылуға мүмкіндік алды. Осы күзде Оңтүстік-Шығыс, Промышленный, Агрогородок (қосылмаған бөлік) елді мекендерінің тұрғындары газға қосылу мүмкіндігін алады.

Сондай – ақ, "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізуде - жыл соңына дейін газбен қамтамасыз ету жоспарлануда. "Қазақауыл" (Қараөткел) шағын ауданы бойынша жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде. Қаланы толық газдандыру 2023 жылы аяқталады.

Тұрғын үй алаптарының тұрғындары үйді газға ауыстырудың артықшылықтары туралы айтты. Заманбек Әлкейұлы өткен жылы Көктал-2 елді мекеніне көшіп келіп, бірден үйді пешпен жылытудан газға көшіруді ұйғарған. 

"Біз өткен жылы желтоқсанда көшіп келдік. Содан бері газды қолданамыз. Бұл өте ыңғайлы, әсіресе біз үшін – аға буын адамдар. Біздің отбасымыз, балаларымыз үшін де экологиялық таза. Денсаулыққа пайдалы. Барлықтарыңызды газға ауысуға шақырамын. Ауа таза болады", - деді Заманбек Әлкейұлы.

"Мен балабақшада тәрбиеші болып жұмыс істеймін. Мен өзім сол ауданда, жеке үйде тұрамын. Өткен жылдың желтоқсанынан бастап біз газ жүргіздік. Бізге өте ұнайды. Жылы, өте ыңғайлы. Енді біздің балабақшаны да газға көшіру жоспарлануда. Бұл бәріміз үшін қуанышты оқиға", - деді Айсұлу Аусарова. 

"Үйіміз жылы, таза болу үшін бізге газ құбырын жүргізеді. Бізге кез-келген жағдайда көмектеседі, тіпті құжаттарға байланысты мәселе болса да көмектесіп, кеңес береді. Сізге кез келген уақытта кранды қосуға болады, сонда сіздің үйіңіз жылы, құрғақ және таза болады", - деді Светлана Свобода.

Газдандыру — Елбасының ауқымды жобасы. Жоба қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, қала экологиясын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. 

Қаланы газдандыру мәселесі мемлекет басшысының бақылауында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109