1473

Нұр-Сұлтандағы театр фестивалінде жиырмадан астам спектакль қойылады

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында елордада "ТЕАТР ALL Nur-Sultan theatre week" театр фестивалі өтеді. Оған қаланың және шетелдің 11 үздік ұжымы қатысып, 20-дан астам қойылым көрсетеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Театр фестивалі елордада 28 қазан мен 1 қараша аралығында өтеді. "Астана Опера" театры мен қазақ драма театры үздік қойылымдарын көрсетеді. Қ.Қуанышбаев атындағы комедия театры Ә.Мәмбетова атындағы орыс драма театры сондай-ақ, елордалық қуыршақ театрлары, МТЖО, "Жастар", "Наз", "Astana Musical" театры да өз өнерлерін ортаға салды. Фестивальдің құрметті қонақтары ретінде елордаға С.Образцова Кіші Бронная атындағы Мәскеу драма театрының және мемлекеттік академиялық қуыршақ театрының шығармашылық ұжымдары шақырылды.

Бес күн бойы елорданың театр сахналарында фестиваль қатысушылары өздерінің жетекші спектакльдерімен өнер көрсетеді, сондай-ақ шеберлік сыныптары, заманауи және бейнелеу өнерінің көрмелері ұйымдастырылады. Фестиваль бағдарламасына "Қыз Жібек" операсы, "Абай-Тоғжан" музыкалық драмасы, "Құнанбай", "Жарқанат", "Ромео мен Джульетта", "Жібек" спектакльдері, "Жизель" балеті және т.б. кіреді.

"Бұл мәдени шараның мақсаты мәдениет қайраткерлерін қолдау, көрермендер үшін де, фестиваль қатысушылары үшін де мерекелік көңіл-күй қалыптастыру болып табылады. Бұл фестивальді өткізуге алғаш рет қаланың барлық инфрақұрылымы, оның ішінде шағын және орта бизнес тартылады. Театр апталығы кезінде көрмелер, театр сахнасының жетекші театрлары мен мэтрлерінің түрлі шеберлік сыныптары ұйымдастырылады, сондай-ақ қала тұрғындары арасында спектакльдердің қызықты премьералық қойылымдарына билеттер ойнатылады. Театр апталығын ұйымдастыруға қатысты барлық ақпарат www.visitnursultan.kz сайтында орналастырылады", - деп хабарлады бұған дейін елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде елорданың мәдени өмірі айтарлықтай өзгергенін атап өткен жөн. Осы жылдар ішінде қалада 10-нан астам театр ашылды, олардың ұжымдарын елорда мен шет елдердің көрермендері жылы қарсы алады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109