1677

Ұлттық халық санағы: елордада үйлерді жаппай аралау жүріп жатыр

Нұр-Сұлтанда 1 қазаннан бастап ұлттық халық санағы аясында интервьюерлердің үйлерді жаппай аралауы басталды. Бұл еліміз тәуелсіздік алған сәттен бері өтіп жатқан үшінші халық санағы. Биыл алғаш рет цифрлық технологиялар қолданылуда. Бұл туралы қалалық статистика департаментіне сілтеме жасай отырып елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

Жаппай аралау осы жылдың 30 қазанына дейін жалғасады. Интервьюерлер белгіленген мерзімде санақтан өтпеген тұрғындарды онлайн режимде қайта жазатын болады. Осы іс-шараға 1,5 мыңға жуық интервьюер-есептеуіш тартылды. Олар үйлерді сағат 9-дан 21:00-ге дейін аралайды. 

Дәстүрлі жаппай үй-үйді аралау кезеңінде бұрын онлайн-санақтан өткен респонденттер екінші рет қайта жазылмайды. Олар интервьюерге санақ өткендігі туралы бұрын алынған SMS-хабарламаны немесе электрондық хабарламаны көрсетуі тиіс.

Санақ кезінде деректерді жинау үшін сәйкестендіру ақпараты ретінде сұрау салынған адамның ЖСН пайдаланылады. Бұл деректердің қайталануына жол бермейді. Сондықтан онлайн режимде санақтан өтпеген респонденттер интервьюерлерге өздерінің ЖСН, сондай-ақ бірге тұратын адамдардың ЖСН ұсынуы және санақ парақтарының сұрақтарына жауап беруі қажет.

Үй-үйді аралау кезінде барлық қайта жазылған респонденттерге интервьюерлер санақтан өткені туралы анықтамалар береді, оларды осы іс-шара аяқталғанға дейін сақтау қажет. Бұдан басқа, халықтың қамтылуын және деректердің дұрыстығын тексеру мақсатында 2021 жылғы 1-7 қараша аралығында респонденттердің 10% - на қорытынды тексеріс жүргізіледі.

Халық санағының негізгі кезеңіндегі интервьюердің сыртқы келбеті: 

- фотосуреті бар бейдж, онда оның тегі, аты, әкесінің аты, берілген күні және қолданылу мерзімі, аумақтық статистика бөлімшесі басшысының мөрі мен қолы көрсетіледі;

- логотипі бар көк шарф;

- логотипі бар көк түсті портфель;

- электрондық санақ парақтары бар планшет болады.

Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау мақсатында интервьюерлер барлық қажетті жеке қорғану құралдарымен(маскалар, антисептиктері бар санитайзерлер) қамтамасыз етілген.

Өзінің есептік учаскесін жаппай аралау барысында интервьюерлер санақ парақтарын белгілі төрт нысан бойынша толтырады. Санақ парақтарында адамның жеке ақпараты және оның тұрғын үй жағдайлары туралы сұрақтар бар. Оның ішінде-жалпы сипаттамалары, этномәдени сипаттамалары, білімі мен сауаттылығы, көші-қон, неке жағдайы, туған күні, жұмыспен қамтылуы, өмір сүру көздері, тіршілік әрекетінің шектелуі.

Респонденттерге барлығы 91 сұрақ қойылады. Санақ парақтарына енгізілген мәселелер тізбесі айтарлықтай кеңейтілді. Санақ кезінде жиналған барлық ақпарат құпия болып табылады және тек жалпыланған түрде қолданылады.

Ұлттық халық санағын өткізу кезеңінде 1446 бірыңғай call-орталығы жұмыс істейді, қоңыраулар тегін.

Санаққа қатысу - бұл адамның ақпаратты қажет ететін қоғамның бір бөлігі екенін түсінуі. Қазіргі қоғам әлеуметтік және басқа салаларда одан әрі даму мен ілгерілеу үшін өзекті цифрлық деректерді пайдалану қажеттілігін сезінеді. Санақ - бұл мемлекеттік маңызы бар іс, ол барлық азаматтарға қажет.

Халық санағының қорытындылары экономикалық, демографиялық және әлеуметтік көрсеткіштерді көрсетеді және барлық деңгейдегі бюджеттерді неғұрлым объективті қалыптастыру үшін негіз болады. Санақ нәтижелері үй шаруашылықтарының, неке-отбасы қатынастарының, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өмірінің, халықтың тұрғын үй жағдайларының жай-күйін жақсарту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу, білім беру, жұмыспен қамту, туу және көші-қон мәселелері бойынша шешімдер қабылдау үшін қажет. Сапалы жиналған ақпарат бюджетті жоспарлау және қала мен жалпы елдің экономикасын дамыту үшін қажет.

Халық санағына қатысатын әрбір азамат мемлекеттің және өзінің болашағының әлеуметтік бағдарламаларын жоспарлауға және әзірлеуге бағалы үлес қосады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын түсіністікпен қарап, еліміздің маңызды және бірегей оқиғасы – ұлттық халық санағына белсенді қатысуларыңызды сұраймыз!

Естеріңізге сала кетейік, халық санағы деректерін жинау процесі екі жолмен жүзеге асырылады. Олардың бірі-үйлерді жаппай аралау, екіншісі - sanaq.gov.kz сайтындағы онлайн-сауалнама.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109