1523

Елорда тұрғындары арасында «Қолжетімді спорт» жобасының танымалдығы артып келеді

Елордада "Қолжетімді спорт" жобасы іске қосылды, оның аясында елорда тұрғындары спорттың 11 түрі бойынша ашық ауада жаттығуларға қатыса алады. Сабақтарды білікті жаттықтырушылар тегін өткізеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Жоба Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының міндеттерін жүзеге асыруға сәйкес, қалалық әкімдіктің қолдауымен қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасының бастамасымен жүзеге асырылуда.

«Жобаның негізгі мақсаты – бұқаралық спортты дамыту. Жаттығу сабақтары алты саябақта және екі алаңда өтеді. Сабақтарды білікті жаттықтырушылар мен спорт нұсқаушылары аптасына үш рет – сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері сағат 17:00-ден 19:00-ге дейін өткізеді. Барлығы тегін өткізіледі. Жоба осы жылдың соңына дейін жалғасады. Қыста фитнес сабақтар қысқы спорт түрлеріне – шаңғы және коньки тебуге ауыстырылады», – деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының спорт бөлімінің басшысы Еділ Айтбаев.

Ашық жаттығулар қала тұрғындары арасында, балалардан бастап қарт адамдарға дейін танымал болуда.  

«Мен "Қолжетімді спорт" жобасы бар екенін естідім. Қазір менің уақытым да, жасым да денсаулығыммен айналысуға мүмкіндік береді. Мен скандинавиялық серуендеумен айналысамын деп шештім. Мұнда балалардың ақы төлемей-ақ айналысып жүргеніне куәмін, баласының қымбат секцияларына ақы төлеуге әркімнің мүмкіндігі бола бермейді. Ал мұнда барлық жағдай жасалған», – деді қала тұрғыны Нұрбағила Дәуітбаева.

Жоба туралы толық ақпарат алу үшін Instagram әлеуметтік желісіндегі @Dostupnyi_sportkz парақшасына кіруге болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109