1283

Елордада рухани келісім күніне орай ағаш отырғызу іс-шарасы өтті

Нұр-Сұлтан қаласында рухани келісім күніне орай ағаш отырғызу акциясы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара барысында Конфессияаралық келісім аллеясында 30 түп ағаш отырғызылды. Сауабы мол шараға Нұр-Сұлтан қаласының әкімінің орынбасары Асхат Оралов, қалалық Дін істері басқарма басшысы Нұрдәулет Әлмұханов, сондай-ақ елорданың діни бірлестіктерінің басшылары мен өкілдері қатысты.

«Рухани келісім күні – ұлтына, дініне, нәсіліне, жасы мен сеніміне қарамастан қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылық аясында біріктіретін бірлік пен келісім мерекесі. Қазақстанның бүгінгі қол жеткізген маңызды жетістіктерінің бірі қоғамда ұлтаралық және дінаралық келісімге негізделген әлеуметтік тұрақтылық болып саналады», - деді Асхат Оралов.

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласы Дін істері басқармасының басшысы ағаш отырғызу шарасының маңыздылығына тоқталып өтті.

«Қаламызда әр түрлі дін өкілдері бірлесіп жыл сайын ағаш отырғызу дәстүрге айналды. Себебі, бұл қаланы көгалдандыруға, өзгелермен байланыс орнатуға, әріптестерімізбен көбірек пікір алмасуға мүмкіндік береді», - деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, діни бірлестіктердің өкілдері мұндай іс-шаралар халықты біріктіруге ықпал ететінін, діндер арасындағы өзара қарым-қатынасты жақсартып, конфессияаралық келісімді нығайтатынын атап өтті.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109