1047

Нұр-Сұлтанда волонтерлер ұлттық халық санағына белсенді қатысып жатыр

Нұр-Сұлтан қаласында волонтерлер ұлттық халық санағы процесіне белсенді араласып жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Волонтер болғаныма бір ай болды. Өз өміріме өзгеріс енгізіп, айналама көмектесу үшін еріктілер тобына қосылғанмын. Қазір халық санағы бойынша қала тұрғындарына буклеттер таратып жүрміз. Сол сияқты тұрғын үй кешендерін аралаймыз», - деді «Астана жастары» КММ волонтері Асылайым Жолтай.

Еріктелердің бұл жұмысы халық санағы процесінің жылдамдауына септігі тиері сөзсіз.

«Волонтерлер халық санағы бойынша ақпараттық буклеттер таратып жүр. Осылайша қала тұрғындарына халық санағы бойынша тіркеуге тұру, кіру жөнінде ақпараттық көмек көрсетіп жатырмыз. Тұрғын үйлердегі пошта жәшіктеріне де осындай ақпараттық буклеттер саламыз. Халық санағына шамамен 50-ге тарта ерікті араласып жүр», - деді «Астана жастары» КММ маманы Дамир Айтымов.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда 1 қазаннан бастап ұлттық халық санағы аясында интервьюерлердің үйлерді жаппай аралауы басталды. Бұл еліміз тәуелсіздік алған сәттен бері өтіп жатқан үшінші халық санағы. Биыл алғаш рет цифрлық технологиялар қолданылуда.

Дәстүрлі жаппай үй-үйді аралау кезеңінде бұрын онлайн-санақтан өткен респонденттер екінші рет қайта жазылмайды. Олар интервьюерге санақ өткендігі туралы бұрын алынған SMS-хабарламаны немесе электрондық хабарламаны көрсетуі тиіс.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109