1304

Нұр-Сұлтан әкімі Париж вице-мэрімен кездесті

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов вице-мэр Арно Нгатчамен кездесті. Тараптар мәдениет және экология салаларындағы ынтымақтастықты талқылады. Бұл туралы әкім Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Париждің вице-мэрі Арно Нгатчамен бірге мәдениет, экология, көгалдандыру салаларындағы ынтымақтастық, сондай-ақ қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу, энергия үнемдеу технологияларын енгізу мәселелерін талқыладық.
Сонымен қатар, білім саласына да тоқталдық. Жеке инвестициялар есебінен салынатын мектеп құрылысын талқыладық.

Мұндай кездесулер ынтымақтастықты жандандыруға, жеке инвестициялар тартуға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Мысалы, осы жылдың 9 айында қала экономикасына 730 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тарттық. Елордаға, қала тұрғындарына қажетті жобаларды қашанда қолдауға дайынбыз», – деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109