1362

Елордада Музыкалық жас көрермен театры кезекті маусымын ашты

Нұр-Сұлтан қаласында Музыкалық жас көрермен театры екінші маусымын ашты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының екінші маусымы салтанатты жағдайда ашылды. Биыл біз үшін ерекше жыл. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы келе жатыр. Ал театрымызда сол егемендігіміздің құрдастары еңбек етіп жүр. Олар тәуелсіз еліміздің өнердегі әлеуетін, шығармашылық келбетін көрсетеді. Сол себепті олардың алдында үлкен-үлкен мақсаттар бар. Алғашқы маусымымызда жұрт назарына жеті қойылым ұсынғанбыз. Биылға тағы бірнеше қойылым жоспарлап отырмыз», - деді театр директоры Асхат Маемиров.

Ол сөзін жалғай отырып, биылғы маусымда жұртшылық назарына қандай қойылымдар қою жоспарланып отырғанын айтып өтті.

«Биылғы маусымда Гоголь секілді әлемдік классиктің «Үйлену» комедиясын, Жүсіпбек Аймауытовтың «Сылаң қыз» комедиясын, сол сияқты Мұхтар Әуезовтің, өзге де әлемге танымал классиктердің шығармаларын алдағы күннің жоспарында тұр», - деді ол.
Айта кетейік, Музыкалық жас көрермен театры өткен жылдың соңында ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы орай ашылған болатын.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109