1403

18 қазан - Рухани келісім күні

Бүгін елімізде Рухани келісім күні аталып өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«1992 жылдың 18 қазаны күні Елбасының қолдауымен алғаш рет Дүниежүзілік рухани келісім конгресі өтті. Содан бері жыл сайын 18 қазанды Рухани келісім күні ретінде атап өтіп келеміз. Бұл идея - келісімді сақтау, адам мен адамның, бір дін мен екінші діннің арасындағы келісімі. Себебі діннің бүгінгі қоғамда алып отырған рөлі өте жоғары», - деді композитор, қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов.

«Хазірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Қанат Қыдырмин елдегі рухани ахуалдың жақсы деңгейде екенін айрықша атап өтті.

«Елдегі бірлік пен берекенің себептерінің бірі - ел ішіндегі рухани ахуалдың жақсы деңгейде болуы. Жалпы егемендік аларға дейін елімізде шамамен 60-қа жуық мешіт болса, қазір 2,5 мыңнан асады. Оған басты себеп - елдегі ізгіліктің, рухани түсіністіктің орнауы», - деді «Хазірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Қанат Қыдырмин.

«Әлем пандемиядан зардап шегіп жатқан кезеңде еліміз үшін рухани бірлігімізді сақтап қалудың маңызы зор. Халқымыздың бірлігі, рухани келісімі, бір-бірімізге деген сүйіспеншілігі, татулығы үлкен рөл атқарады. Қазақстан үшін рухани келісім қазіргі біз өмір сүріп жүрген кезеңнің ажырамас бөлігі. Осы құндылығымызды ары қарай да сақтап, бір-бірімізге қолдау көрсеткенімізді қалаймын», - дейді Нұр-Сұлтан қаласы успен кафедралды соборының қызметкері Дмитрий Байдек.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109