1284

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі онлайн санақтан өтіп, тұрғындарды қатысуға шақырды

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында халық санағынан онлайн өткенін айтып, қала тұрғындарын да санақтан өтуге шақырды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«400 мыңнан астам қала тұрғыны, соның ішінде мен де отбасыммен онлайн-халық санағынан өттім. 1 қазаннан бастап онлайн санақтан өтпегендер үшін дәстүрлі үздіксіз айналым басталды. Бүгін халық санағын өткізу бойынша ағымдағы мәселелер талқыланды.

Санақ кезінде сұхбат алушылар планшеттерді пайдаланады. Алынған мәліметтер тікелей дерекқорға жіберіледі. Санақ жүргізетін қызметкерлерге жалақы, көлік карталары, жеке қорғаныс құралдары берілді. Санақ санитарлық нормаларды сақтай отырып жүргізіледі.

Соңғы рет елде халық санағы 12 жыл бұрын жүргізілген. Бұл маңызды талдау деректерін алуға мүмкіндік береді: халықтың нақты саны (ішкі көші-қонды ескере отырып), урбандалу дәрежесі, сондай-ақ білім беру, жұмыспен қамту және т.б. мәселелер бойынша шешімдер қабылдау үшін қажетті басқа да мәліметтер бар», - деп жазды елорда әкімі.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109