1282

Елордалық Алмаз Сәрсембеков кәсіби жекпе-жекте жеңіске жетті

13-18 қазан аралығында Талдықорған қаласында муайтайдан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің он бір өңірінен 150-ге жуық спортшы қатысты. 

Ел чемпионатының аясында Қазақстанның жауынгерлік өнер ассоциациясының жаңа ережесі бойынша тұңғыш кәсіби жекпе-жек кеші өтті. 

Жекпе-жек кешінде Нұр-Сұлтан қаласының спортшысы Алмаз Сарсембеков Алматы облысының спортшысы, аралас жекпе-жектен(ММА) спорт шебері Жасұлан Мейрмановты айқын басымдылықпен ұтты. 

Кездесу барысында Алмаз екі нокдаунмен қарсыласын уақытынан бұрын жеңіп жарыс жеңімпазы атанды. 

«Бұл жарысқа тыңғылықты дайындалдым. Жарыс кезінде де барымды салдым. Барлығы өз ойымнан шықты. Алдағы жоспарым желтоқсан айында Тайландта өтетін муайтайдан Әлем чемпионатында елімізге алтын жүлде әкелу”-деді Алмаз Сарсембеков.

Ал, ел чемпионатының жалпы қорытындысы бойынша елордалық спортшылар 4 алтын, 4 күміс, 4 қола жүлдемен командалық есепте екінші орынға жайғасты. Бірінші орынды Алматы облысының спортшылары жеңіп алса, үздік үштікті Алматы қаласы қорытындылады.

Ел чемпионатындағы елордалық спортшылар нәтижесі; 

I орын - Касымова Мадина (48 кг)

I орын - Жусупова Диана (54 кг)

I орын - Оспан Ерканат (67 кг)

I орын - Жарекеев Кайратбек (91 кг)

 

II орын - Тарнавская Аннна (51 кг)

II орын - Дуанбекова Меруерт (63,5 кг)

II орын - Магдеев Алексей (48 кг)

II орын - Амрбаев Даурен (86 кг)

 

III орын - Саветов Алибек (54 кг)

III орын - Колесников Владимир (60 кг)

III орын - Талгатулы Амир (91 кг)

III орын - Тулеуов Алишер (63,5 кг)

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109