1398

Елордада Рухани келісім күніне арналған халықаралық конференция өтті

Елордада Рухани келісім күніне арналған халықаралық конференция өтті. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясының, мемлекеттік органдардың, ҚР діни конфессияларының өкілдері қатысты. Онлайн талқылауға сегіз елдің халықаралық сарапшылары да қосылды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

"Қазіргі заманның сын-қатерлері жағдайында конфессияаралық және ұлтаралық келісімді нығайту" тақырыбындағы конференция ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өтті.

Тәуелсіздік жылдарында Қазақстанның елордасы жаһандық конфессияаралық үнқатысудың маңызды алаңына айналды. Елбасының бастамасымен Нұр-Сұлтанда әлемдік және дәстүрлі діндер съезі өтуде. Қазақстанның астанасын әлемдік және дәстүрлі діндер съезінің өтетін орнына айналдыру идеясын әлемнің көптеген мемлекеттері қолдады. Іс-шара конфессияаралық және ұлтаралық диалогты нығайтудың жарқын үлгісі болды.

"Бүгін біз тәуелсіз Қазақстанның тарихына бейбітшілік пен өзара құрмет күні ретінде енген айтулы күнді атап өтудеміз. Бұл күн Қазақстан халқының бірлігін, оның жалпыадамзаттық және адамгершілік құндылықтарын, толеранттылық пен рухани татуласу, тұрақтылық идеяларын көрсетеді", - деді Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Асхат Оралов кіріспе сөзінде.

Бүгінгі таңда елордада 54 діни бірлестік тіркелген. Тәуелсіздіктің 30 жылы ішінде түрлі конфессиялардың өкілдері бірлік пен достықты нығайтуға үлес қосып келеді, түрлі форматтағы іс-шаралар өткізіліп келеді. Мысалы, 2017 жылдан бастап елордада Рухани келісім күніне орай ағаш отырғызу дәстүрі пайда болды.

Төлеген Мұхамеджановтың айтуынша, көпұлтты Қазақстан үшін бұл күн ерекше қажет – тек өзара түсіністік негізінде болашақты құруға болады.

"Бұл күні дәстүр бойынша барлық мешіттер, шіркеулер, синагогалар біздің елімізде бейбітшілік пен келісімнің сақталуы үшін халқымыздың атынан дұға оқиды. Тек бірлікте ғана игілік, күш болуы мүмкін және біз гүлденген мемлекет құра аламыз", - деді ол.

Конференция бейбітшілікті, тұрақтылықты сақтау, адамдар, діндер арасындағы өзара түсіністік идеяларына арналған. Конференция барысында конфессияаралық және дінаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған кешенді саясат мәселелері қозғалды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109