1274

Нұр-Сұлтанда «Jastar jalyny-2021» фестивалінің жеңімпаздары марапатталды

«Қазақстан» орталық концерт залында елордалық жоғарының оқу орындары студенттері арасында өткізілген «Jastar jalyny-2021» фестивалінің жеңімпаздары марапатталды. Бір жұма бойы 10 номинацияның үздіктерін анықтаған байқау Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен Қазақстан жастар фракциясы өткізді. Фестивальде қаладағы 15 университеттің студенттері бар өнерін салды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Шараға қала әкімінің орынбасары Асхат Оралов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев, сол сияқты руханият, мәдениет салаларының өкілдері қатысты.

Алғаш болып ҚР Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Дәулеткерей Кәпұлы «Поэзия» номинациясы бойынша үздік атанған студенттерді марапаттады. Бұл аталымда бас жүлде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенті Али Бекмұхамедовке бұйырды.

«Медиа» аталымы бойынша Қазақ ұлттық хореография академиясының студенті Ғұмар Сұлтанбектің туындысы үздік деп танылды. Би арқылы қоғамдағы ең өзекті әлеуметтік мәселені көтеріп көптің көңілінен шыққан талапты жасқа жүлдесін «Қазақстан КВН Одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Есен Елеукен тапсырды.

Кіл жүйріктен, шын жүйрікті анықтаған «Айтыс» аталымы бойынша Қазақ ұлттық өнер университетінің студенті Ақбота Манарбектің жұлдызы жанды. Сөз додасынан оза шапқан жас ақынды филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазы марапаттады.

«Ұлттың би» номинациясы бойынша Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің өнерпаздарынан құралған «Шаттық» бишілер тобы үздік атанса, жас суретшілер арасындағы сайыста Аруай Тасмағамбетованың өнері жоғары бағаланды.

«Жастар қуаты» аталымы бойынша Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерінен құралған «Самұрық» тобы мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік шықты. Олардың жүлдесін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Елнұр Бейсенбаев табыс етті.

«Музыкалық аспаптар» номинациясында да Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерінен құралған шығармашылық ұжымның бағы жанды. Сәйкесінше олар жүлдені Нұр-Сұлтан қалалық Мемлекеттік филармониясының қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі, бас дирижері Айтқали Жайымовтың қолынан алды.

«Театр» номинациясы бойынша Қазақ ұлттық хореография академиясының студенттері бас жүлдені жеңіп алды. «Заманауи би» және «Эстрада» аталымдарында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің биші студенттері жеңіс тұғырынан көрінді.

Шара соңы фестиваль жеңімпаздарының гала-концертіне ұласты. Сонымен бірге елордалық өнерпаз жастардың қуанышын бөлісуге Ринат Малцагов, Жанар Дұғалова сынды эстрада жұлдыздары келіп, әннен шашу шашты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109