1355

Алтай Көлгінов құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында құтқарушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, оларға жанқиярлық еңбегі мен батылдығы үшін алғыс айтты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Құтқарушыларымызды бүгінгі кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Олар жүздеген адамды қауіптен құтқарып қалды. Оларға жанқиярлық еңбегі, ерлігі және өз ісіне деген адалдығы үшін алғысымды білдіремін!

Батырларымыздың құрметіне биыл құтқарушылар саябағы ашылды. «Құтқарушылар саябағы» аумағында (А.Янушкевич және А.Пушкин көшелерінің қиылысы) азаматтық қорғау қызметінің үздіктеріне арнап құрмет тақтасы орнатылды. Оның аумағы балалар мен ересектерге арнап бөлінді. Кедергі жолақтарын қоса алғанда, экстрим-спортын қолдауға арналған паркур-алаң орнатылды. Бұл қоғамдық кеңістік қала тұрғындарын, құтқарушлардың жанқиярлығына таңырқай қарайтын өскелең ұрпақты баурап алды.

Өткен жылы Байқоңыр ауданында өрт сөндіру депосы ашылып, 10 арнайы машина берілді. Сондай-ақ, тағы үш өрт сөндіру депосын саламыз, олардың екеуі елді мекендерде ашылады, қосымша 50 арнайы машина өткізу жоспарда бар. Бұдан бөлек, тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар санатын кеңейттік (Қазақстандық тұрғын үй компаниясы), жастарға арналған арнайы тұрғын үй бағдарламасын іске қостық, онда ТЖД және полиция департаменті қызметкерлерінің санаты жеке қарастырылды.

Біз құтқарушыларымыздың қажырлы еңбегін мақтан тұтамыз! Кәсіби мерекелеріңізбен тағы да құттықтаймын! Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін!» - деп жазды әкім.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109