1028

Спектакльдер, концерттер, әдеби кештер: Нұр-Сұлтанда алдағы күндері қандай іс-шаралар өтеді

Осы аптада елорданың мәдениет мекемелері 40-тан астам түрлі іс-шара өткізеді. Бағдарламада әдеби кештер, концерттер, қойылымдар, көрмелер, ақындармен кездесу бар, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Бүгін, 20 қазан күні сағат 19:00-де «Жастар» театры көрермендерді Қ.Жүнісовтің «Алғашқы махаббат» комедиясына шақырады. Ал 23 және 24 қазан күндері аталмыш театр У.Шекспирдің «Ханзада» трагедиясын қояды.

Елордалық қуыршақ театрында «Жаңғырық қалай пайда болды» атты жапон халық ертегісін көруге болады. Қойылым 22 қазан күні сағат 16:00-де, 23-24 қазан күндері сағат 12:00-де, 14:00-де және 16:00-де өтеді.

Осы аптаға М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театры бірнеше спектакль жоспарлап отыр: 20 қазан күні 11:00-де және 14:00-де С.Астраханцевтің «Түлкі мен қоян» ертегісі, 22-23 қазанда 19:00-де және 18:00-де Островскийдің «Гроза» драмасы.

Музыкалық жас көрермен театры 21 қазан күні сағат 15:00-де жұртшылықты «Күлшеқыз» музыкалық ертегісіне шақырады. Келесі күні сағат 19:00-де «Шәмші» мюзиклі, 23 қазанда дәл осы уақытта «Мальчики» драмасы, ал 24 қазанда «Дүние-ғапыл» метафизикалық драмасы көрсетіледі.

Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай «НАЗ» мемлекеттік би театры 20 қазан күні сағат 15:00-де «Ұлықты ұлттың – Тұғыш Ұстазы» атты әдеби іс-шара өткізеді.

NOMAD City Hall сахнасында 23 қазан күні сағат 19:00-де «Мерекелік мәзір» спектаклі, ал ертеңінде «Тұрандот» қойылымы көрсетіледі.

20 қазан күні сағат 19:00-де «Астана» концерт залының сахнасында Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған «Есіңе мені алғайсың» концертінде елорда әкімдігінің мемлекеттік академиялық филармониясының әртістері өнер көрсетеді.
Осы күні Астаналық цирк өзінің Instagram-дағы ресми парақшасында халықаралық аспаз күніне арналған онлайн іс-шара өткізеді.

Осы аптада Сәкен Сейфуллин музейінің әлеуметтік желілердегі аккаунттарында экспонаттары бар залдар бойынша бейнеэкскурсияны (20 қазан), Дина Нұрпейісованің 160 жылдығына арналған «Әсем қоңыр» онлайн мәдениет кешін (21 қазан) және ақын Несіпбек Айтұлымен кездесуді (22 қазан) тамашалауға болады.

«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені 20 және 23 қазанда «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында онлайн дәріс өткізеді.

«АЛЖИР» Саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарының мемориалды-мұражай кешені Ы.Алтынсариннің мерейтойына арналған «Даланың дара ұстазы» бейнеролигін дайындады. Сондай-ақ бірнеше лекция өтеді, олардың бір бөлігі офлайн, қалғаны онлайн форматта ұйымдастырылады. Дәріс тақырыптары – «Память о них жива...», «Кто помнит и знает «АЛЖИР...», «Память о них сохраним навеки», «Детским взглядом на историю репрессий».

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жоспарланған іс-шаралардың міндеті – ХХ ғасырдың 30-50 жылдары болған қайғылы оқиғаларды еске алу, тоталитарлық жүйенің жазықсыз құрбандарына қатысты әділеттілікті қалпына келтіру, өскелең ұрпақтың бойында патриотизм мен адамгершілік сезімін қалыптастыру.

Тұңғыш қазақстандық ғарышкер Тоқтар Әубәкіровтің ғарышқа ұшуының 30 жылдығына орай Тарихи-мәдени мұра ескерткіштері мен объектілерінің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі дирекция 20 қазанда «Қазақстан суретшілерінің шығармашылығындағы ғарыш тақырыбы» тақырыбында дәріс өткізеді. Оны мекеменің әлеуметтік желілердегі парақшаларынан көруге болады: MonumentsOfNursultan – Facebook, monuments_of_nursultan – Instagram, nur-Sultan city Monuments – YouTube.

Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің бөлімшелерінде де бірқатар іс-шара жоспарланған. 20 қазан күні № 4 бұқаралық кітапханада «Дарынды жырдың дауылпазы» атты кітап көрмесі, №3 бұқаралық кітапханада «Ұлттың ұлы Ұстазы» атты әдеби сағат, №2 бұқаралық кітапханада «Қазақ мәдениетінің зор қайраткері» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады. Осы күні №3 балалар кітапханасында «Халыққа білім сыйлаған ұстаз...», №4 балалар кітапханасында «Шыңға қарай қиын жол» шығармашылық портреті, №2 балалар кітапханасында Бақытжан Момышұлының шығармалары бойынша кітаптар инсталляциясы, №12 бұқаралық кітапханада «Адам саудасы – заманауи құлдық» виртуалды кітап көрмесі ұйымдастырылады.

22 қазан күні сағат 15:00-де «Ғасырға тағзым» атты әдеби-сазды кешке №5 көпшілік кітапхана шақырады.

Айта кету керек, жоспарланған іс-шаралар санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтай отырып жүргізіледі. Мәдениет мекемелеріне кіру «Ashyq» қосымшасы арқылы жүзеге асырылады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109