1299

Солтүстік Қазақстан облысы Нұр-Сұлтандағы жәрмеңкеде ауыл шаруашылығы өнімдерін ұсынады

Осы демалыс күндері, 23-24 қазан күндері Нұр-сұлтан қаласында "Хан Шатыр" СОО жанындағы алаңда Солтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Елордадағы жәрмеңкеде Солтүстік Қазақстан облысының 110-ға жуық кәсіпорны жалпы көлемі 800 тоннадан асатын 100-ден астам өнімді ұсынады. Оның ішінде:

- Картоп пен көкөністер - 600 тонна;
- Ет және шұжық өнімдері - 100 тонна;
- Сүт және сүт өнімдері - 20 тонна;
- Ұн - 25 тонна;
- Макарон және кондитерлік өнімдер - 20 тонна;
- Бал және ара шаруашылығы өнімдері - 20 тонна;
- Тауық жұмыртқасы - 100 мың дана;
– Балық - 15 тонна.

Естеріңізге сала кетейік, өнім нарық бағасынан 15-20% төмен бағамен сатылатын болады. Жәрмеңке Нұр-Сұлтан қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ұсынған санитарлық нормаларды сақтай отырып өткізіледі.

Айта кету керек, биыл елордада әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында көкөністер мен жемістердің пісу мерзімін ескере отырып, 14 жәрмеңке өткізу жоспарланған. Ауыл шаруашылығы өңірлік жәрмеңкелерінің маусымы Нұр-Сұлтанда 31 қазанға дейін жалғасады. 21 тамыздан бастап елордадағы жәрмеңкелерде Түркістан, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе және Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау және Қостанай облыстарының ауылшаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109