1147

Елордада «Менің туым!» атты патриоттық іс-шара өтті

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі, Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Менің туым!» атты патриоттық акция өткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталған шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын насихаттау, елорда тұрғындарының бойында патриоттық сезім қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Акция барысында Жастар саясаты мәселелері басқармасы «Астана жастары» Жастар ресурстық орталығының еріктілері Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында, вокзалдарда және басқа да орындарда орналасқан жолаушыларды тасымалдайтын көлік жүргізушілеріне 3000 дана мемлекеттік жалауша таратты.

«Шара Тәуелсіздіктің торқалы тойы аясында «Тіл және рәміз» деген ұранмен өтіп жатыр. Дайындаған жалаушаларды ең бірінші такси жүргізушілеріне үлестіреміз. Өйткені қалаға алғаш аяқ басқан қонақты күтіп алатын да, тұрғындардың жиі мінетіні де осы көліктер. Ал қоғамдық көліктен артылған жалаушаларды көшедегі халыққа таратамыз. Келер жылы мемлекеттік рәміздерімізге 30 жыл толады. Сондықтан бұл акция әлі де кең ауқымда жалғасын табады. Түріктер қызыл байрақтарын үйлеріне де,

алкондарына да іліп қояды. Бізде шын патриот екенімізді осылай көрсетуіміз керек. Биыл Президентіміз мемлекеттік рәміздерді қолдану аясын кеңейту жайлы арнайы заң қабылдаған еді. Сондықтан көк байрағымызды көбірек көрсетуіміз керек - деді Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Сәкен Есіркеп.

Игі шара орталық саябақтан бастау алды. Еріктілер 30-ға жуық «Region» таксилеріне көк жалаушаларды зор сеніммен табыстады.

«Акцияға қатысуға қуана келістік. Өйткені мемлекеттік ту – еліміздің тарихы және оның бүгінгі күні, халқымыздың бірлігі мен Тәуелсіздігінің нышаны. Сондықтан кез келген қазақстандық мемлекеттік туымызды құрметтеп, төрінен орын беруі тиіс. Компания жүргізушілері аталған шараға шын ниеттерімен қатысуда», - деді «Region» такси компаниясының директоры Самат Қалымбетов.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109