1075

Елордада «Qaursyn galam» атты поэзия кеші өтті

Нұр-Сұлтан қаласы Тілдерді дамыту және архив ісі  басқармасының қолдауымен «Qazaq olenderi» ұжымының ұйымдастыруымен Музыкалық жас көрермендер театрында «Qaursyn galam» атты поэзия кешін өткізді. Мәдени кеш ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында ұйымдастырылып отыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Кештің мақсаты – қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, қолдану аясын кеңейту және әдеби шығармалардың, оның ішінде поэзия мен прозаның жастар арасында кеңінен тарап, дамуына үлес қосу.

Кеш барысында әдебиетте өзіндік орны бар қылқалам шеберлерінің, қазақ ақындарының бірегей өлеңдері театрландырылған көрініс түрінде көрермен назарына ұсынылды. Кешке келген көрермен отан, туған жер, махаббат, сезім, сағыныш, достық, ата-ана тақырыбындағы жыр шумақтарын тыңдап, сырлы да сиқырлы поэзия әлеміне саяхаттап қайтты.

Қазақ поэзиясының хантәңірі атанған Мұқағали Мақатаев, сағыныштың ақыны Төлеген Айбергенов, ғашығы Ләйләға арнап 200-ге жуық өлең жазған Жұматай Жақыпбаев, Тұманбай Молдағалиев, Жұмекен Нәжімеденов, Мұхтар Шаханов, Фариза Оңғарсынова, Күләш Ахметова, Есенғали Раушанов сынды тұлғалардан бөлек кейінгі буын, жас ақындардың да шығармалары жиналған қауымның жүрегіне жол тартты.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109