1371

Астаналықтарды халық санағына белсенді қатысуға шақырды

Елордада интервьюерлер ұлттық халық санағы аясында қала тұрғындарын аралап шығуды жалғастыруда. Бұл жұмысқа еріктілер де көмектеседі. Қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері де шетте қалмай, астаналықтарға санақ науқанына көмек көрсетуге және белсенді қатысуға шақырды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Елордалық ҚХА мүшелері "Қазақстанда әрбір адам маңызды" ұранымен тәуелсіз мемлекет тарихындағы үшінші ұлттық халық санағын қолдап, науқанның елдің одан әрі дамуы үшін аса маңызды екенін атап өтті.

"Қазақстан Республикасының Ұлттық халық санағы - бұл бірегей жалпымемлекеттік іс-шара. Ұлттық халық санағының мақсаты соңғы 10 жылда болған демографиялық, экономикалық және әлеуметтік процестер туралы шынайы ақпарат алу болып табылады. Халық санағы жас тәуелсіз мемлекетке қажет. Кез - келген елде олар қандай шаруашылыққа ие екенін, халықтың құрамы теориялық тұрғыдан емес, іс жүзінде қандай екенін нақты білуі керек", - деді "Возрождение "Немістер қоғамы" ҚБ жобалық менеджері Елена Бреннер.

"Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі ретінде сіздерді біздің мемлекетіміз үшін халық санағы сияқты маңызды науқанға қатысуға шақырамын. Мемлекетке біздің халықтың этникалық құрамы, жасы, білім деңгейі және т.б. қандай екенін білу маңызды. Қазақстан халқы Ассамблеясы әрбір азаматты Қазақстан Республикасының Халық санағына қатысуға шақырады. Қазақстанда бәрі маңызды!"- деді қала тұрғындарына "Таң" татар-башқұрт этномәдени орталығының төрағасы Равиль Валеев.

Естеріңізге сала кетейік, жаппай үй-үйді аралау 2021 жылдың 30 қазанына дейін жалғасады. Интервьюерлер белгіленген мерзімде санақтан өтпеген тұрғындарды онлайн режимде қайта жазатын болады. Осы іс-шараға 1,5 мыңға жуық интервьюер-есептеуші тартылды. Олар үйге сағат 9-дан 21:00-ге дейін барады.

Бұрын онлайн-санақтан өткен респонденттер екінші рет қайта жазылмайды. Олар интервьюерге алынған SMS-хабарламаны немесе санақтан өткені туралы электрондық хабарламаны көрсетуі тиіс.

Санақ кезінде деректерді жинау үшін сәйкестендіру ақпараты ретінде сұрау салынған адамның ЖСН пайдаланылады. Бұл деректердің қайталануына жол бермейді. Сондықтан онлайн режимде санақтан өтпеген респонденттер интервьюерлерге өздерінің ЖСН, сондай-ақ бірге тұратын адамдарының ЖСН ұсынуы және санақ парақтарының сұрақтарына жауап беруі қажет.

Үй-үйді аралау кезінде барлық қайта жазылған респонденттерге интервьюерлер санақтан өткені туралы анықтамалар береді, оларды осы іс-шара аяқталғанға дейін сақтау қажет. Бұдан басқа, халықтың қамтылуын және деректердің дұрыстығын тексеру мақсатында 2021 жылдың 1-7 қараша аралығында респонденттердің 10% - ына қорытынды тексеру жүргізіледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109