1287

Қиял, ертегі және рекорд орнатқан спектакль: Ресей әртістері театр апталығында үш қойылым қояды

Нұр-Сұлтанда 28 қазан күні «ALL Nur-Sultan Week» театр фестивалі басталады. Онда 11 ұжым 20-дан астам қойылым көрсетеді. Мәдени шараның қонақтары – Малая Бронная атындағы Мәскеу драма театры және С.В. Образцов атындағы Мемлекеттік академиялық Орталық қуыршақ театры, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Малая Броннаядағы Мәскеу драма театры режиссер Саша Денисованың «Человек Летучая Мышь против Леонида Ильича Брежнева» спектаклін қоймақ. Қияли қойылым «Астана Балет» театрында 28, 29 және 30 қазан күндері сахналанады.

Спектакль сюжетінде КСРО кезіндегі тоқырау дәуірінде жүрген жарқанат адам кеңес азаматы ретінде не істейтіні көрсетіледі. Классика жанры бойынша комикстердің кейіпкері Кеңес одағында өмір сүреді және қарапайым жазушы, азамат – Дудочкин кейпінде жасырынады. Түннің бір уағында Дудочкин қанатын кеңінен жайып, өзіне ыңғайлап жасалған «Жигули» көлігімен адамдарды құтқарады.

Қойылымға Сергей Епишев, Ольга Лапшина, Мария Шумакова, Александр Семчев және басқа да танымал әртістер қатысады.

С.В. Образцов атындағы Мемлекеттік академиялық Орталық қуыршақ театры фестиваль барысында Nomad City Hall сахнасында екі спектакль қояды.

2 қараша күні сағат 19:00-де көрермендерді Ресейдің еңбек сіңірген өнер қайраткері, «Алтын маска» ұлттық театр сыйлығының лауреаты, режиссер Борис Константиновтың авторлығымен «Тұрандот» ертегісі қойылады. Спектакльде екі әлем қақтығысады – қатаң Қытай мен романтикалық Венеция. Сахнада қатыгез сұлу Тұрандот пен ханзада Калафтың махаббаты баяндалады. Оның желісі сізді бей-жай қалдырмайды.

Ал ертеңінде түстен кейін ресейлік театр «Необыкновенный концерт» қойылымын қояды. Онда қуыршақ әншілерді, бишілерді, музыканттарды, цирк жаттықтырушыларын, сиқыршыларды және басқа жанрдағы әртістерді пародиялайды.

Айта кету керек, спектакль гастрольдер мен көрсетілімдер саны бойынша рекорд орнатқан және Гиннестің рекордтар кітабына енген. Қуыршақ конферансьесін Эдуард Апломбов өткізеді.

Естеріңізге сала кетейік, «ALL Nur-Sultan Week» театр апталығы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған. Спектакльдерден басқа, ұйымдастырушылар бейнелеу өнерінің көрмелерін, актерлік шеберлік бойынша мастер кластар, конференциялар және т.б. өткізу жоспарланып отыр.

Іс-шаралар санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтай отырып жүргізіледі. Оған тек «Ashyq» қосымшасы арқылы кіруге болады.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109