1223

Дейін және кейін: елорда бір жылда қалай өзгерді

2019 жылдан бастап елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша қалада "Нұр-Сұлтан - жайлы қала" мастер - жоспары аясында 400 аула және 103 қоғамдық кеңістік абаттандырылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің ресми сайты хабарлады.

Қазіргі уақытта елордада Республика даңғылын Самал шағын ауданынан Бөгенбай батыр даңғылына дейін абаттандыру жалғасуда. Мұнда сондай-ақ, мүмкіндігі шектеулі жандардың жүріп-тұруы үшін қоғамдық кеңістіктер мен кедергісіз орта құрылады. Даңғыл бойында көтерілген жаяу жүргіншілер өткелдері пайда болды, көлеңкелі шатырлар, әткеншектер, шағын сәулет нысандары орнатылды. "Адамдарға арналған қала" тұжырымдамасы аясында "Плаза Республикасы" ауданында тротуардың аумағы ұлғайтылды. Көгалдандыру да назардан тыс қалған жоқ. Абаттандырылатын аумақтың жалпы ұзындығы екі жағынан 2.29 км құрады.

Сонымен қатар, елорданың дизайн-кодына сәйкес жаяу жүргіншілер белсенділігін ынталандыру мақсатында Demalys Promenade жаяу жүргіншілер көшелері мен "Театральный" бульвары құрылды. Бұл жұмыс Нұр-Сұлтанның тарихи орталығындағы қоғамдық кеңістікті жандандыруға алып келді және маршрутты қалалық жағалаумен байланыстырды.

Өткен жазда Есіл өзенінің жағалауы да абаттандырылды, "Театральный" бульварында (жаяу жүргінші Ж.Омаров көшесі) жаңа субұрқақ кешендері пайда болды. Тұңғыш Президент саябағында арық жүйелері мен тұманның булану әсері бар субұрқақ орнатылды, мұнда балалар мен ересектерге арналған әткеншектер пайда болды. Сонымен қатар, елорданың сол жағалауында тағы бір жаңа қоғамдық кеңістік – "Алтын жүрек" монументі бар дәрігерлер аллеясы (Сығанақ, Түркістан, Ақмешіт, Алматы көшелерінің төрттігінде) ашылды.

Мемлекет басшысының бұқаралық спортты насихаттау туралы тапсырмасы аясында биыл Студенттер саябағында "NS street life" көше спортының колизейі орнатылды, онда түрлі жарыстар өткізілуі мүмкін. Жақында "Атырау" көпірі мен "Ататүрік" саябағында жаңа скейт-алаңдар пайда болды.

Сонымен қатар, қалада бос көпір кеңістігін тартылыс нүктелеріне айналдыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде. Триатлон паркінің жанында және Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ жанында осындай орындар жарқын мысал бола алады. Мұнда стритбол алаңдары, скейт-аймақтар, қоғамдық өнер ұйымдастырылған.

Өткен қыста қысқы қоғамдық кеңістікті дамыту шеңберінде Nur-Sultan Snowpark сноубордшылар үшін Қазақстандағы алғашқы жасанды төбешікпен ашылды.

Аулаларды абаттандыру кезінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша көгалдандыруға ерекше көңіл бөлінеді. Биыл елордада 1 миллионнан астам жасыл желек (бұталар, ағаштар, көшеттер) отырғызылады. Олардың көпшілігі қазірдің өзінде отырғызылды. Естеріңізге сала кетейік, Триатлон-парк маңында биыл жөке мен сирень бұталары отырғызылды, ал "Астана Опера" театрының іргелес аумағында 1000 сирень бұталары мен 700 отырғызылды.

Елорда әкімдігі ғимаратының алдындағы орталық алаң да өзгеруде. Мұнда қалалық алаң салынды, бұталар мен гүлдер отырғызу жоспарланған ландшафт аралдары құрылды.

Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы Нұр-Сұлтанда 76 гектардан астам жер абаттандырылды, ол 150-ден астам аула мен 60 қоғамдық кеңістікті (саябақтар, скверлер, бульварлар) құрады. "Нұр-Сұлтан-жайлы қала" мастер - жоспарына сәйкес 2021 жылы жалпы алғанда 190 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандыру жоспарлануда.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109