1048

Елордалық футбол мектебінің тәрбиеленушілері ел чемпионатын жеңіп алды

Футболдан 2005, 2006, 2007 жылғы жасөспірімдер командалары арасындағы бірінші және екінші лига клубтарының ел чемпионаттары аяқталды. Қазақстан біріншілігіне еліміздің әр өңірінен келген 9 үздік команда қатысты, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

2007 жылғы жасөспірімдер арасындағы чемпионаттың жеңімпаздары Нұр-Сұлтан қаласының №8 олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері болды. Турнирдің финалдық кезеңі Павлодарда өтті. Шымкенттік "Мақтаарал" командасымен өткен шешуші матчта елордалық футболшылар 0:8 есебімен жеңіске жетіп, жалпы ұпай саны бойынша қарсыластарына еш мүмкіндік қалдырмай, алға шықты.

Сондай – ақ, турнир қорытындысы бойынша екі спортшымыз Қазақстан футбол федерациясынан арнайы жүлделерге ие болды: Саят Әуесхан "Үздік шабуылшы", Сұлтан Ақылбеков "Турнирдің үздік ойыншысы".

2006 жылғы жасөспірімдер арасындағы чемпионатта елорда құрамасы күміс медальға ие болды, Батыхан Камарадинов "Үздік шабуылшы", ал Әділжан Қазиханов "Үздік қақпашы"деп танылды. 2005 жылы туған жасөспірімдер арасында елордалық футболшылар үшінші болды, Имран Тулакбаев осы жас санатында турнирдің "Үздік қақпашысы" атанды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109