1452

Елорда жастары халық санағынан онлайн форматта белсенді өтіп жатыр

Нұр-Сұлтан қаласында халық санағынан онлайн форматта өтетін жастардың қатары көбейді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Елорда жастары, оның ішінде Астана медицина университетінің студенттері халық санағынан онлайн өтіп жатыр. Жастарымыздың бәрі толығымен халық санағынан өтті», - дейді Астана медицина университетінің студенті Айгерім Асылбек.

Ал «Тұран-Астана» университетінің студенті Дамир Бекметов халық санағынан онлайн түрде өткенін айта келе оның қолайлығына ерекше тоқталып өтті. Сөз арасында тіпті үйден шығудың да қажет еместігін баса айтты.

«Қазір елордалық студент жастар және барлық елорда тұрғыны халық санағының онлайн жеңілдетілген форматы арқылы тіркеуден өтіп жатыр. Ал елордада барлық ЖОО өз студенттерімен бірлесе отырып, онлайн процесті жүзеге асырып жатыр. Қазір Нұр-Сұлтанда халық санағын іске асыруға 1000-нан аса жас жұмылдырылған. Олар өздеріне берілген аумақтар бойынша ақпараттандыру жүргізіп, қажетті сұрақтарына жауап беріп, жоғары деңгейде ұйымдастырылуына септігін тигізуде», - дейді қалалық Жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Ақұлан Темірбеков.

Айта кетейік, санақтан онлайн өту мүмкіндігі тоқтатылған соң мерзімін ұзарту туралы көптеген өтініш түскен. Осыған байланысты sanaq.gov.kz сайтында онлайн сауалнама функциясын қайта қосу туралы шешім қабылданды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109