1230

Елордалық оқушылар «Таза ойындар» эко-квестін өткізді

Нұр-Сұлтанда №54 қалалық мектептің үш сыныбының оқушылары демалыс күндерін көңілді және экологиялық тұрғыда өткізіп, «Таза ойындар» эко-квестіне қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының білім беру мекемелері арасында қайталама шикізатты жинау жарысының жеңімпаздары арнайы ұйымдастырылған «Таза ойындар» эко-квестіне қатысты. Іс-шара қаланың қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасымен, ӨКМ Операторы және «Clean City NC» ЖШС-мен бірлесіп өткізілді.

50 оқушы бірнеше командаға бөлініп, 5 станциядан қызықты маршруттан өтті. Қатысушылар үшін әр ойын нүктесінде эко-сайқымазақтар командасы көңілді тапсырмалар, эковикториналар, күрделі емес сынақтар күтіп тұрды және мектеп оқушыларының эко-саналы өмір салтының негіздерін қаншалықты білетіні тексерілді.

Тапқырлық пен теорияны тексеруден басқа, командалар өздерінің практикалық дағдыларын көрсетуі керек еді. Балалар қайталама шикізатты бөлек жинауды және қалдықтарды сары және жасыл контейнерлерге дұрыс сұрыптауды білетіндерін көрсетті.
Көңілді және танымдық экологиялық ойындар балалар арасында жақсы дәстүрге айналды. Эко-саналы өмір салты туралы көптеген жағымды эмоциялар мен жаңа білім алған қатысушылар ұйымдастырушыларға өз отбасыларында үлгі болуға және достары мен жақындарына дұрыс, экологиялық таза өмір салтын үйретуге уәде берді.

Ойын соңында барлық қатысушы командалар алғыс хаттармен, сондай-ақ екі велосипед сатып алуға 100 000 теңге ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109