1248

«All Nur-Sultan Week» фестивалінде елордалық театрлар тұсаукесер қойылымдарын қояды

«ALL Nur-Sultan Week» театр фестивалі елордада 28 қазанда басталады. Онда елордалық театрлар биыл тұсаукесері өткен жаңа спектакльдерін көрсетеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

М. Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының әртістері фестиваль аясында 2021 жылы тұсауы кесілген екі спектакль қояды, екі қойылым да көрермендердің ыстық ықыласына бөленген.

В. Шукшиннің «Светлые думы» хикаясы 30 қазан күні сағат 19:00-де М.Горький атындағы Мемлекеттік академиялық орыс драма театрының кіші сахнасында қойылады.

Спектакль кейіпкерлері – өнерпаздар үйірмесінде кездесетін ауылдың қарапайым тұрғындары. Жаңа пьеса актерлер өмірінің ашатын қызу пікірталас тудырады.

31 қазанда Музыкалық жас көрермен театры сахнасында Николай Гогольдің «Петербургским повестям» сахналық қиялын қояды. Қойылымның авторы – Рача Махатаев (Санкт-Петербург, Ресей Федерациясы). Көрермендер жалпы тақырыпқа біріктірілген үш кейіпкердің үш түрлі оқиғасын – адамгершілікке жатпайтын әлемдегі жанның өлімін көреді.

Ә.Мәмбетов атындағы Мемлекеттік драма және комедия театры фестиваль бағдарламасы аясында екі қойылым көрсетеді.

30 қазан күні сағат 17:00-де көрермендер У.Шекспирдің «Ромео-Джульетта» трагедиясының жаңа қойылымын көреді.

31 қазан күні театр әртістері А.Володиннің «Сүйіктіңізден айырылмаңыз» романы бойынша режиссер А.Оспанбаевтың «Сен сағындым...» спектаклін қояды.

«Astana Musical» мемлекеттік театры фестивальде екі спектакль ұсынады: Рэй Кунидің «Номер 13» комедиясы және «COVID-19» би-перформансы.

«13 нөмірі» комедиясы ықпалды саясат жайлы баяндайды, ол қоғамның игілігі үшін қызмет етудің орнына қымбат қонақүйде қарсыласының хатшысымен көңіл көтеруді жөн көреді.

«COVID-19» би қойылымының премьерасы 2021 жылдың ақпан айында өткен. Бұл тақырып бүгінгі көрермен үшін бұрынғыдан да өзекті. COVID-19 – адамзаттың көзқарасын бірден өзгерткен 2020 жылғы ең танымал сөз. Бұл – «COVID-19» жайлы жаңа хореографиялық қойылым.

Режиссер-хореограф – театр әртісі Әнел Мырзағұлова, композитор және перформанс әртісі – Ақжол Өмірзақов.

Фестиваль бағдарламасы спектакльдермен ғана шектелмейді. Атақты театр актерлері цехтағы әріптестеріне актерлік шеберлік бойынша мастер-класс өткізеді. Олар Бейбітшілік және келісім сарайында 29-31 қазан аралығында онлайн режимде өтеді.
Сонымен қатар, 28 қазанда фестиваль қатысушылары «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театрының үлкен конференциясында бас қосады, онда Қазақстандағы театр өнерінің қазіргі жағдайы жайлы сауалдарға жауап беріледі және отандық театрлардың одан әрі дамуы тақырыбында тәжірибе мен пікір алмасады.

«All Nur-Sultan Week» фестивалі елорда театрларының шығармашылық әлеуетін нығайту және тәжірибе алмасу мақсатында Қазақстанда алғаш рет өтуде. Іс-шара пандемия кезеңінде қала театрларына жаңа идеялар мен қойылымдар қоюға мүмкіндік бермек. Фестиваль қазақстандық театрлар мен жалпы театр өнерінің мәртебесін көтеруге септігін тигізеді. Карантиндік шектеу шаралары жеңілдетілген кезеңде актерлердің шығармашылық талантын қолдау және қала тұрғындарына қуаныш сыйлау өте маңызды. Елордалық театр ұжымдарының фестивальге қатысуы – бұл үлкен бедел және шығармашылық талантын ынталандыру», - деп атап өтті фестиваль ұйымдастырушылары.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтандағы театр апталығы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу аясында өтуде.

Ауқымды іс-шараны ұйымдастыру кезінде жалғасып жатқан пандемияға байланысты қатысушылар мен қонақтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінеді. Сонымен, залдарға кіру тек Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады, термометрия жүргізіледі, әлеуметтік қашықтық сақтау үшін белгілер қойылады, сол сияқты маска режиміне баса мән беріледі.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109