1561

"Оңтүстік-Шығыс" тұрғын алабының тұрғындары газға белсенді қосылып жатыр

Қазан айының ортасынан бастап елорданың ең ірі тұрғын алаптарының бірі – "Оңтүстік-Шығыс" үйлері газға қосылды. Тұрғындар бұл жаңалықты қуана қабылдап, қаланы газдандырудың ауқымды жобасының маңыздылығын атап өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Айта кету керек, "Оңтүстік-Шығыс" жеке секторы елордадағы түтіннің негізгі көздерінің бірі болып табылады. Оны газдандыру осы аудандағы экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.

"Міне, бізде көптен күткен газ бар. Енді баллондарды сатып алмаймыз, үй газға тікелей қосылған, бұл қауіпсіз. Пеш жаққан кезде, тіпті күл шығарғанда да көмірқышқыл газымен дем аламыз. Және күлді күніне бірнеше рет шығару керек. Әрине, бұл үлкен жүктеме, өйткені отын жинаймыз. Ал біз үшін басты құндылық - денсаулық. Өзіміздің игілігіміз бен денсаулығымыз үшін газға қосылуға дайын болдық", - деп атап өтті "Оңтүстік-Шығыс" тұрғын алабының тұрғыны Айтжан Естаева.

Күн сайын тұрғын алабының тұрғындарынан газға қосылуға өтінімдер көбеюде.

Осылайша, бүгінгі күні келесі аудандарда газ беру қамтамасыз етілді: "Промышленный" т/а (Қошқарбаев даңғылының оңтүстігіндегі көшелер толығымен); Момышұлы даңғылы - Абылайхан даңғылы - Қошқарбаев даңғылы - Қордай көшесі; Құдайбердіұлы даңғылы - Бурабай – Абылайхан даңғылы - Мұстафин көшесі; Қобыланды батыр көшесі - Лепсі көшесі - Құдайбердіұлы даңғылы - Бурабай көшесі.

Осы аудандарда тұратын тұрғындар үйді газға қосуға өтінім беру үшін "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ-ға (Республика даңғылы, 24) жүгінуі қажет. Толық ақпарат алу үшін +7(7172)55-89-75, вн.1530, 1527, 1534.

"Оңтүстік-Шығыс" тұрғын алабының қалған бөлігі бойынша іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде, газды іске қосу кезең-кезеңімен бір ай ішінде орындалады. "Қазақауыл" (Қараөткел) шағын ауданы бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Нұр-Сұлтанда қаланы газдандыру бойынша ауқымды жұмыстар жалғасуда. Екі жыл ішінде елордада 645 шақырымнан астам кварталішілік газбен жабдықтау желілері салынды. Газға Көктал-1, Көктал-2, Железнодорожный, Агроқалашық бөлігі және Оңтүстік-Шығыс тұрғын алаптарының тұрғындары қосылды.

Осы күзде "Промышленный", "Агрогородок" және Оңтүстік-Шығыс (қосылмаған бөліктер) тұрғындары газға қосылу мүмкіндігін алады. Сондай-ақ," ҚазТрансГаз Аймақ " АҚ Күйгенжар, Мичурино, Интернациональный елді мекендерінде газбен жабдықтау желілерінің құрылысын жүргізуде.

Газдандыру — Елбасының ауқымды жобасы. Жоба қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, қала экологиясын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Қаланы газдандыру мәселесі Мемлекет басшысының бақылауында.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109