1544

Елордалық балабақшада антитеррористік қорғау бойынша профилактикалық іс-шара өткізілді

Елордалық «Қарлығаш» балабақшасында ҚР ПІБ МО профилактикалық кездесу өткізді, онда Нұр-Сұлтан қаласы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары білім беру мекемесінің қызметкерлеріне терроризмге қарсы қорғау бойынша әдістемелік ұсынымдар берді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің ресми сайты полиция департаментіне сілтеме жасап.

Террористік тұрғыдан осал (ТТО) объектілерді қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасының ережелері егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Мәселен, «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-3-бабына сәйкес ТТО объектілерінің меншік иелері, иеленушілері, басшылары мынадай талаптарды орындау үшін іс-шараларды іске асыруы міндетті:

- өткізу режимін тиісті деңгейде ұстау, объектілерді қазіргі заманғы инженерлік-техникалық күзет жабдықтарымен жарақтандыру;
- қызметкерлерді үй-жайларды тексеру техникасына үйрету, жарылғыш құрылғылардың орнатылуы мүмкін орындарды анықтау бойынша жалпы профилактикалық және оқу іс-шараларын өткізу;
- жасалған терроризм актісі нәтижесінде туындаған табиғи және техногендік сипаттағы қатерлерді жою бойынша жоспарлар мен пысықталған іс-қимылдардың болуы;
- объектінің ақпараттық желілерін қорғауды ұйымдастыру, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету.

Бұл ұсынымдардың мақсаты – адам өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған төтенше жағдайларда алдын алу іс-шаралары мен іс-қимылдарын ұйымдастыруға көмек көрсету.

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109