1559

Нұр-Сұлтанда ақ халатты абзал жандарға арналған «Дәрігер мерейі» атты концерт өтті

Елордадағы Еркеғали Рахмадиев атындағы филармонияда қала әкімдігінің қолдауымен ақ халатты абзал жандарға арналған «Дәрігер мерейі» атты концерт өтті, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Кеште симфониялық оркестр, Дирижёр – Ернар Нұртазин, ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері - Клара Төленбаева, Сүндет Байғожин, Лұқпан Жолдасов, Алтынай Жорабаева және де Ғазиза Жұбанова атындағы мемлекеттік ішекті аспаптар квартеті, "Шалқыма" халық би ансамблі мен «Достар» балалар хоры, Халықаралық және республикалық байқаулардың лауреаттары өнер көрсетті.

Концерт әр науқас үшін күресетін медицина қызметкерлеріне арналды. Медицина қызметкерлері әрдайым пациенттердің жанынан табылып, қамқорлық жасайды. Пандемия кезінде медицина қызметкерлері де адамдардың өмірін сақтап, алдыңғы қатарда тұрады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған ынталандыру шаралары қабылданды. Сонымен қатар, дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңмен көтеру жұмыстары жүргізілуде.

Айта кетейік, осы жазда елорданың сол жағалауында Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңа қоғамдық кеңістік – дәрігерлер аллеясы ашылды. Оның аумағы 11 га құрайды, мұнда тыныш және жайлы демалыс орындары орналасқан. Аллея елорданың Есіл ауданында Сығанақ, Түркістан, Ақмешіт және Алматы көшелерінің бойында орналасқан.

Дәрігерлер аллеясы аумағына коронавирус індетіне қарсы күреске зор үлес қосқан медицина қызметкерлеріне арнап «Алтын жүрек» ескерткіші тұрғызылды.

Іс-шара барлық санитарлық нормалар мен карантин талаптарын сақтай отырып өтті.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109