1689

Нұр-Сұлтанда қаржыгерлер аллеясы ашылды

Нұр-Сұлтанда қаржыгерлер аллеясы ашылды. Биыл елордада 1 млн-нан астам жасыл желек отырғызылады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды елорда  әкімдігінің ресми сайты. 

"Елордада дәстүрлі күзгі ағаш отырғызу жалғасып жатыр. Биыл жалпы 1 млн-нан астам жасыл желек (ағаш, бұта, көшет) отырғызамыз. Осылайша, қалада көбірек «жасыл аралдар» мен экологиялық аймақтар ашылды, сол сияқты тақырыптық алаңдарды абаттандырып, ашамыз.

Бүгін, мысалы, оң жағалауда Қаржы министрлігі ғимаратының алдына ағаштар отырғызылды. Мұнда Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Қаржы министрлігі қызметінің 100 жылдығына орайластырылған қаржыгерлер аллеясын аштық. Министрліктің қазіргі және бұрынғы қызметкерлері де, еңбек ардагерлері де қатысты.

Біз қаланың барлық ауданына отырғызамыз, оның ішінде көрікті тұстарға, театрларға және өзге де орындарға ағаштар отырғызамыз. Экологияның жақсаруына үлес қосқан әрбір жанға алғыс айтамын!",- деп жазды Алтай Көлгінов.

Фото: Александр Куприенко

Материалдарды қандай да бір жолмен пайдалануға – Нұр-Сұлтан қаласының ресми сайтына белсенді гиперсілтеме болған жағдайда жол беріледі http://astana.gov.kz

Сәлеметсіз бе, мен Mr.iKomekпін - Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің iKomek бірыңғай байланыс орталығының виртуалды операторымын. Сервис алу үшін алғашқы тіркеуден өтіңіз немесе жеке кабинетке кіріңіз.
Введите свои данные.
Тіркеу сәтті өтті!
Жеке кабинетке кіру үшін өз логиныңыз бен кілтсөзіңізді енгізіңіз.
Өтініштің мән-жайын толықтай жазуды және болса фото/бейне материалдар тіркеуіңізді сұраймыз.
Сіздің өтінішіңіздің өңделу дәрежесін жеке кабинеттен қарай аласыз, сонымен қатар Сіз өтінішті тіркеу нөмірі бойынша іздеу қызметін пайдалана аласыз.
Өтініштің өңделу дәрежесі туралы ақпарат алу үшін өтініштің тіркеу нөмірін енгізіңіз.
Қандай да бір түйткіл туындады ма? Бұл сервисті тағы да пайдаланып көріңіз.
Енді Сіз iKomek орталығына өтініш жібере аласыз немесе өзіңіздің жеке кабинетіңізге кіре аласыз.
iKomek орталығының «Өтінішті іздеу», «Сауалнамадан өту» сияқты қосымша қызметтерін пайдаланыңыз.
iKomek орталығы бойынша қосымша ақпаратпен «FAQ» / «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінде танысуға болады.
Нұр-Сұлтан – жайлы өмір сүруге арналған қала!
iKomek 109